ҚАМБАМЫЗ ДӘНГЕ ТОЛҒАН ҚАЗЫНАЛЫ ЖЫЛ

ҚАМБАМЫЗ ДӘНГЕ ТОЛҒАН ҚАЗЫНАЛЫ ЖЫЛСыр диқандары биылғы жылы күріштің әр гектарынан 50,5 центнер өнім жинап, ел қамбасына 423 мың тоннадан астам астық құйды. Мұндай рекордтық көрсеткіш соңғы 3 жыл қатарынан қайталанып отыр. Сенбі күні облыс әкімі Қ.Көшербаевтың қатысуымен облыстық драма театрында биылғы егін жинау қорытындысы бойынша өндіріс озаттарын марапаттау салтанаты өтті. Онда аймақ басшысы ауылшаруашылық саласы мамандарын қол жеткізген табыстарымен құттықтады.

– Қазақ халқында: «Несібесі мол елдің егіні бітік шығады» деген сөз бар. Кеше ғана Сыр диқандары ала жаздай күтіп-баптаған егіндерін жинады. Биыл да егіншілеріміз мол өнім алып, үшінші жыл қатарынан рекордтық көрсеткіш берді. Соңғы жылдары облысымыздың ауыл шаруашылығы саласы жақсы дамып келеді. Сыр елінің басты дақылы – күріш өндірісінің көлемі 11,6% өсіп отыр. Мал шаруашылығы бойынша ірі қара, жылқы және түйе басының саны ең берекелі 90 - жылғы деңгейден асып түсті. Ал агроөнеркәсіп кешеніне салынған инвестиция көлемі 7,7 есеге өсті, – деді облыс әкімі Қырымбек Елеуұлы.

Аймақ басшысы облыста ауылшаруашылық саласын дамытуға қатысты атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып өтті. Бүгінде тамшылатып суару әдісімен жүгері және қызанақ егіп, крахмал, томат пастасын өндіру жобаларының алғашқы жұмыстары басталып кетті. Сондай-ақ, облыс әкімі Сыр қауынының әлеуетін арттыру керектігін айтты. Кезінде Жаңақорған мен Қазалы арасындағы әр станцияда жұмыс жасаған қауын қабылдау пункттерін біртіндеп ашу мәселесі бойынша инновациялық жобаларды іске қосуға «Байқоңыр» әлеуметтік- кәсіпкерлік корпорациясының мүмкіндіктері қарастырылатын болады.

Аймақта егін шаруашылығымен бірге мал, балық шаруашылығын дамыту барысында да табыс көп. Бұл салаларды әрі қарай дамыту мақсатында Жаңақорған ауданында бірінші рет Малшылар слеті және Арал ауданында Балықшылар слеті өтті. Айта кетейік, биыл облыста қуаты жылына 7 мың тонна тоқты етін өңдейтін ет комбинатын және ірі мал бордақылау алаңдарын салу жұмыстары қолға алынды.

Салтанатты жиында Қазақстанның Еңбек ері, облыстық күріш өндіруші және қайта өңдеушілер ассоциациясының төрағасы Абзал Ералиев Елбасыға арналған Үндеуді оқыды.

Мұнан соң облыс әкімі Қ.Көшербаев облыстың ауыл шаруашылығы саласының еңбек озаттарын 24 түрлі номинациямен марапаттап, заттай сыйлықтар табыстады. Сонымен қатар, «Мал шаруашылығы бойынша озат аудан»аталымын Арал ауданы жеңіп алды. «Егін шаруашылығы бойынша озат аудан» болып Сырдария ауданы танылды. Ал «Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу бойынша озат аудан» аталымы Қазалы ауданына табысталды. Егіні бітік шыққан Жалағаш науқан қорытындысы бойынша «Үздік аудан» деп танылды.

Ауыл шаруашылығы саласының еңбек озаттарын марапаттау салтанаты мерекелік концертке ұласты.

 

«Алтын күз-2015» салтанатты шарасы аясында ауыл шаруашылығы жылының қорытындысы бойынша марапатталған еңбек озаттары

 

Ауыл шаруашылығы саласы бойынша облыстың озат ауданы – Жалағаш, аудан әкімі Дүйсебаев Талғат Тұрсынұлы.

Егін шаруашылығында үздік жетістіктерге жеткен озат аудан – Сырдария, аудан әкімі Қазантаев Ғанибек Қонысбекұлы.

Мал шаруашылығында үздік жетістіктерге жеткен озат аудан – Арал, аудан әкімі Мұхимов Абзал Сансызбайұлы.

Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуде үздік жетістіктерге жеткен озат аудан – Қазалы, аудан әкімі Шамұратов Нәжмадин Шәкизадаұлы.

Озат егін шаруашылығы – 1-орын, Сырдария, «Мағжан және К» ЖШС, директоры Ералиев Дархан.

Озат егін шаруашылығы – 2-орын, Жалағаш, «Ер-Әлі» ЖШС, директоры Бекжанов Әліби.

Озат егін шаруашылығы – 2-орын, Қармақшы, «Жаңажол» ЖШС, директоры Әбішев Қылышбек.

Озат егін шаруашылығы – 3-орын, Шиелі, «Ақмая» ШҚ төрағасы Жұмбеков Дәулет.

Озат егін шаруашылығы – 3-орын, Қармақшы, «Ақтөбе және К» ЖШС, директоры Іздібаев Нұрлан.

Озат өңдеу кәсіпорны – Қызылорда қаласы «Жан-Арай» ЖШС, директоры Мақашов Бақдәулет.

Озат бригадир – Қожанов Сәрсенбай. Сырдария, «Қызылдихан» ШҚ.

Озат бригадир – Аманжолов Сайлау. Жалағаш, «Сәрке Батыр» ЖШС.

Озат бригадир – Меңлібаев Бақыт. Қармақшы, «Достық жер МК» ЖШС.

Озат комбайншы – Жиенәлиев Серік. Қармақшы, «Тұрмағанбет» ЖШС.

Озат жатка машинисі – Бекетов Қайырбек. Қазалы, «РЗА Агро» ЖШС.

Озат күріш өсіруші – Ыбыраев Жәнібек. Сырдария, «Мәди қажы» ЖШС.

Озат күріш өсіруші – Әлімбаев Үсен. Жалағаш, «Байтабын» ЖШС.

Озат күріш өсіруші – Төлеуов Айбек. Қазалы, «Сыр маржаны» ЖШС.

Озат сушы (гидротехник) – Қалышев Марат. Шиелі, «Шиелісушар» өндірістік учаскесі.

Озат жоңышқа өсіруші – Бегманов Әбласан. Жаңақорған, «Қожахан-ата» ШҚ.

Озат көкөніс өсіруші – Абдуллаев Зуфыхар. Жаңақорған, «Диқан-баба» ШҚ.

Озат картоп өсіруші – Рахман Қоңырат. Шиелі, «Алтын дән» ШҚ.

Озат бидай өсіруші – Үсенов Бейсенбек. Жаңақорған, «Арай» ШҚ.

Озат бақша өсіруші – Есімов Аманкелді. Арал, «Әулие төбе» ШҚ.

Озат бағбан – Нұрсайтов Мұрат. Қызылорда қаласы, «Абай» ШҚ.

Озат агроном – Ералиев Төлеу. Қармақшы, «Жаңа жол» ЖШС.

Озат мақсары өсіруші – Құрманбаев Бақыт. Шиелі, «Ақмая» ШҚ.

Үздік теледидар тілшісі – «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасының редакторы Жақанов Әділбек.

Үздік газет тілшісі – Қызылорда облыстық «Сыр бойы» газетінің аға тілшісі Оралбаева Жұмагүл.

Үздік газет тілшісі – Қызылорда облыстық «Кызылординские вести» газетінің тілшісі Жакибаева Мира.

 

Д.ОМАРОВ

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 06 қазан 2015 г. 1 517 0