« Сәуір 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | |
7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 |
14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 |
21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 |
28 | 29 | 30 |
Заманауи тағамтану ғылымы көшпенділер өркениетінің ажырамас
бөлігі болған жанға дауа, дертке шипа қымыз бен шұбаттың құрамын
талдап-таразылап берді. Бие байлап, қымыз сапырған, түйе сауып, шұбат ашытқан
ескі дәстүрді күнделікті өмір салтымызға айналдыру үшін ұлттық сусындар баршаға
қолжетімді болу керек. Бүгінде қонаққа жайылған дастарханды арақ-шараптан
босатып, балаларға газды, бояулы, энергетикалық сусындардың зиянын жете
түсіндірудің маңызы артып келеді. Қызылорда қаласының орталығындағы «Сыр
сүлейлері» аллеясында «Қала күні» мерекесі аясында өткен «Шұбат-қымыз» фестивалі ұлттық сусындардың
артықшылықтарын айқындай түсті.
Фестивальға Қызылорда қаласына қарасты барлық кент, ауылдық округтер және облыстың барлық аудандарынан шұбат пен қымыз өндірушілер қатысты. Сыр өңірінде қымыз-шұбатқа сұраныс артып келеді. «Сондықтан қымызхана желілерін кеңейтіп, қымыз өндіру технологиясын дамыту керек», - дейді мамандар. Аллеяға тігілген киіз үйлер мен ақ шатырларда қолөнер көрмелері қойылған. Фестивальда облыс әкімі Қырымбек Көшербаев қызылордалықтарды мерекелерімен құттықтады.
– Төрт түліктің төресі – түйе мен Қамбар ата түлігінің сусындары түрлі дертке дауа екендігін ата-бабамыз әлдеқашан дәлелдеген. Сол сара жолды жалғап, «Қала күні» мерекесін ақтан дәм татып бастап отырмыз. Мерейлі мереке құтты болсын, - деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.
Фестивальға келушілерге 2 мың литр шұбат, 1500 литр қымыз және құрт, ірімшік, сүзбе, балқаймақ сияқты тағамдар ұсынылды. Мерекелік шарада қала жастары Қазақ хандығының 550 жылдығы құрметіне «Қаражорға» биін биледі. Сондай-ақ балуандар белдесіп, балалар асық атудан, жігіттер гір көтеруден, қол күрестен сынға түсті. Арнайы жасаулармен әрленген жылқы, түйелердің керуені қазақтың тұрмыс-салтының бай дәстүрін дәріптеді.
«Шұбат-қымыз» фестивалінің қорытындысымен өткен марапаттау рәсімінде 1 дәрежелі диплом Қызылорда қаласы, «Шайұзақ» шаруа қожалығына табысталды.Қармақшы және Қазалы аудандарының ұлттық сусын өндірушілері 1 және 2 орындарды бөлісті. Жалпы шараға қатысқан барлық 33 ұжымға Қызылорда қаласы әкімінің алғыс хаттары, бағалы сыйлықтар берілді.
Гүлжазира Жалғасова.
« Сәуір 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | |
7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 |
14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 |
21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 |
28 | 29 | 30 |