УАҚЫТ ТАЛАБЫ – ТАБЫС КЕПІЛІ

Жуырда «Сыр медиа» ЖШС жанындағы облыстық коммуникациялар орталығында өткен Бес институционалдық реформа «100 нақты қадам» тақырыбы аясында облыс бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы С.Мұстафаев БАҚ өкілдеріне баспасөз мәжілісін өткізді.

Онда экспорттық және импорттық кеден рәсімдерін өту кезінде «Бір терезе» қағидатын енгізу ынтымақтастығы негізінде сауда амалдарын жеңілдетуге мүмкіндік беретіні айтылды. Сондай-ақ, департамент басшысы кедендік және салықтық әкімшілендіруді жақсартуға бағытталған 8 қадамды жүзеге асыру бойынша толық мәлімет берді. Нақты айтқанда, салық және кеден саясатын және рәсімдерін оңтайландыру, экспорттық және импорттық кеден рәсімдерінен өту, кеден және салық жүйелерін интеграциялау, салықдекларацияларын қабылдау және өңдеудің орталық желісін құру және тағы да басқа маңызды мәселелерге тоқталды.

Мәселен, салық декларацияларын қабылдау және өңдеудің орталық желісін құру және тәуекелдерді басқару жүйесін енгізу бүгінгі уақыт талабы. Желі арқылы орталық салық төлеушілердің электронды құжаттарының бірыңғай мұрағатына кіру мүмкіндігіне ие болады. Сондай-ақ, тәуекелдерді басқару жүйесін енгізсе, декларанттар салықты бақылап және шешім қабылдау үшін тәуекел санаттарына бөлінеді. Жариялауды бірінші рет тапсырған жеке тұлғалар 3 жыл мерзімде қайта тексерістен өтпейді.

Кіріске және шығысқа салық есебін міндетті түрде енгізу арқылы қолданыстағы салық режимін оңтайландыру да алдағы уақытта қолданысқа енгізілетін жалпыға бірдей декларациялау шеңберінде қабылданып отыр. Мысалы, қолданыстағы оңайлатылған декларация мен патент бойынша арнайы режимдер орнына жаңа жеңілдетілген салықтық режим енгізілетін болады, мұнда табыспен бірге шығындар да декларацияланады.

Айта кетейік, облыста кірістер бойынша жоспарда 42 миллиард 374 миллион теңге болса, 58 миллиард 678 миллион теңге сомасында, яғни 112,6 пайызға қамтамасыз етілген.

Н.Дәуренбеков.

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 15 қыркүйек 2015 г. 968 0