ҚАНАТЫН КЕҢГЕ ЖАЙҒАН ЗАУЫТ

жылына 951 мың шаршы метр құбыр шығарады

ҚАНАТЫН КЕҢГЕ ЖАЙҒАН ЗАУЫТӘр кезеңнің өзіндік ерекешелігі болатыны анық, мысалы, соңғы жылдар ішінде еліміздің шеткі аймақтарының өзінде сұранысты тауарлар өндіріліп, ел керегін алыстан іздеп сабылмайтын болды. Шиелі ауданындағыполиэтилен құбыры зауыты – сондай өндіріс орындарының бірі. Зауыт қысқа мерзім аралығында әріптестерінің сеніміне еніп, өзінің жұмыс ауқымын ірілендіре түсті. Санға да, сапаға да айрықша мән беретін нарық заманының талабы емес пе, сондықтан да өндіріс орны өнімін бәсекеге лайықтау мақсатында шетелдік озық технологияны игеруге күш салды. Нақты кезеңде кәсіпорын Германияның «Краус Маффай» құрал-жабдығынпайдаланады. Кәсіпорын бұған дейін тек тау-кен өндірісіне диаметрі 90х8 мм ұзындығы 11 метр құбырлар өнімін шығарған болса, сұраныстың артуынабайланысты бүгінгі күні сапалы полиэтилендік пластмассалы құбырлардың ұзындығы 6 метр, диаметрі 195х14,5 миллиметрлік түрін көптеп шығаруды қолға алды. Сондай-ақ, сүзгілік қабілеті жоғары КДФ 118 құбырларының бірнеше түрінтапсырысқа сай дайындап, ауызсу тұтынуына қажетті тауарларды айналымға шығарды.

Зауыттың жылына 951192 шаршы метр өнім өндіріп, алғашқы жылдан қуатын еселей түсті. Қазіргі таңда кәсіпорында жүзге тарта жұмысшы-қызметкер 4 ауысыммен жұмыс істеп, еңбек екпінін бәсеңдетпей келеді. Жұмысшылардың орташа жалақысы 100 мың теңге шамасында. Әлеуметтік жағдайларына да көңіл бөлінеді. Кәсіпорын өткен жылы жалпы құны 2 млрд 313 млн теңгенің өнімін өндіріп, айналымға түсірді.

Шиелідегі полиэтиленнен құбыр шығаратын зауытының қысқаша тарихына көз жүгіртсек, ол өз іргетасын 2008 жылы қалады. Аталмыш өндіріс орны кешеге дейін қалыпты жұмысымен аймақтағы табиғи шикізатты өндіруші орындарға қажетті полиэтилен құбырларын шығарып келді. Бастапқыда жаңа өндірістің дағдарыс салдарынан уақытша іркіліске тап болған кезі де ұмытылған жоқ. Алайда, 2011 жылдан бері «Қазақ нефтехимиялық компаниясы» ЖШС Қызылорда филиалы ретінде қайта құрылған зауыт, түрлі көлемдегі полиэтилен құбырларын шығаруды жалғастыра бастады. Филиал бастығы Асан Рақышевтың іскерлігі нәтижесінде өндіріс орнының ауқымы молая түсті. Нақты кезеңде өндірілетін өнімнің шикізаты Қытай, Оңтүстік Корея, Ресей мемлекеттерінен тасымалданып, жұмыс өнімділігінің негізі берік қаланғандығын атап айтқан жөн болар.

Зауыттың негізгі әріптесі ретінде «Қазақстан-Қырғызстан-Ресей-Заречная» АҚ, «РосБурмаш Қазақстан-Ресей» АҚ бірлескен кәсіпорындарын алғашқы кезекте атауға болады. Сол секілді «ТТК-Шиелі» ЖШС және уран өндірісі саласындағы «Байкен U», «Қызылқұм» серіктестіктерімен байланыс жолға қойылған. Оған қоса, «Гидро Спец Строй» ЖШС, «Мехколонна 49» ЖШС, «Djoing Drilling» ЖШС мекемелерінің сұранысын игеру кәсіпорынның кеңге қанат жайғандығын білдірсе керек. Былтырдан бері құбыр шығаратын зауытта төртінші желі іске қосылды, бұл – 280-мен 630 мм аралығындағы құбыр шығару қолға алынды деген сөз.

КНК Кемикал компаниясында өндірістегі жаңалықтардан қалыс қалмау жолдары үнемі іздестіріліп, мамандар біліктілігін жетілдіріп отыру алғашқы кезекте тұрады. Ондағы әр жұмысшы-қызметкер жауапкершілік жоғары нәтижеге қол жеткізудің алғышарты екенін анық біледі. Бұл – аз жылда ауқымын кеңейткен кәсіпорын табысының басты кілті.

Нұрмахан Елтай.

Шиелі ауданы.

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 17 қыркүйек 2015 г. 1 131 0