« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Ұлттық валютамыз – теңгеніңбағамын еркін айналымға жібергендіктен Елбасы Үкімет пен барлық деңгейдегі әкімдерге бағалардың негізсіз өсуіне, алыпсатарлыққа жол бермеу туралы тапсырма берді. Соған сәйкес, Қызылорда облысында дағдарысқа қарсы аймақтық штаб құрылып, жұмысын бастады.
Кезекті штаб отырысынан кейін штаб төрағасының орынбасары Серік Қожаниязов бұқаралық ақпарат құралдарына сұхбат берді. Ол нарықтағы үлкен сауда орталықтары және базарлар басшыларымен кездесу өткізгенін жеткізді. С.Қожаниязов жалпы жағдай тұрақты, тамақ өнімдері бойынша ешқандай баға көтеру орын алып жатқан жоқ екенін атап өтті. Өзімізде өндірілмейтін қант, асқатық майы, қарақұмық, тауық еті секілді өнімдер бағасы да әзірге бір деңгейде тұр. Ал «Sulpak» сауда орнында кейбір тұрмыстық техникалардың бағасы өсірілген. Алайда, онымен көрші тұрған «Технодом» сауда орнында бұл тауарлар бағасы бұрынғы деңгейде қала берді. Осыдан кейін «Sulpak» бағаны қайта төмендетуге мәжбүр болғанын жеткізді. Доллар алғашқы күні 255-ке дейін өссе, қазір 252-253 теңге деңгейінде. Ресей рублі де 4 теңгеден 3,9 теңгеге төмендеген.
Елбасы тапсырмасына сәйкес күнделікті екі мәрте рейд жасалып, мониторинг жүргізілуде. Оның мәліметтері Президент аппаратына жіберіліп тұр. Жағдай тұрақты, бақылауда. Тұрақтылық қорында 2 мың тоннадан астам ұн бар, нанның бағасын көтеруге негіз жоқ. Ауыл шаруашылығы саласындағы болжам да жақсы. Қазақстан, оның ішінде Қызылорда облысы да әртүрлі қиыншылықтардан өткен, жинақтаған тәжірибеміз де жеткілікті. Халықтың жағдайы қиындаса, кәсіпкерлердің жағдайы да қиындайды. Оны олар жақсы түсінеді, сондықтан атқарушы органдар, бизнес өкілдері бар, бірлесіп, қиындықтан шығамыз деген сенімдеміз деді Серік Салаутұлы сөзінің соңында.
Мұнан кейін «Аль-Асад» сауда орнының бас есепшісі Ләззат Алматова өздерінде бағалардың өзгермегені туралы айтып берді.
«Қаржы компания» ЖШС директоры Дамир Камешов «Байқоңыр» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясына қарасты тұрақтылық қорында 60 тоннадан астам сәбіз, макарон, қант, май секілді 9 тағам түрлері бар екенін жеткізді. Қоймадаға тауарлар үнемі толықтырылып тұрады.
«Технодом» сауда орталығында баға тұрақты қалпында, тіпті сауда жасаушыларға сыйлық берілуде», деді өз кезегінде сауда орталығының басқарушысы Мадияр Тоқмағамбетов. «Маматова» наубайханасынан күнделікті 4-5 мың бөлке нан шығарылады. Әлеуметтік ұн жеткізіліп тұр, сондықтан баға өзгерісі туралы әңгіме де қозғалмайды,- деді кәсіпкер Пернеш Маматова.
Ыдырыс ТӘЖІҰЛЫ.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |