« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Бұл нысанның құрылысы 2013 жылы басталып, оған республикалық және облыстық бюджеттен 1 млрд 991 мың теңге бөлінген. 900 орынға лайықталған білім ордасының ішінде қатардағы кабинеттерден өзге электронды кітапхана, арнайы тест орталығы да бар. Биылғы оқу жылында 70 мұғалім 700-дей оқушыға білім нәрін береді деп жоспарланған мектептің салтанатты ашылуын осы аудан тұрғындары асыға күтті. Себебі бұған дейін ондағы балалар Әл-Фараби және КБИ мөлтек аудандарына қатынап оқыған. Сондықтан да болар мұнда жиналған адамдардың қарасы қалың болды. Жаңа мектепке оқитынына балалар да дән риза. Тұрғындардың осындай қуанышына куә болған қонақтар әуелі бүлдіршіндердің өнерін тамашалап, аталмыш мектептің болашақ түлектерінің ризашылық өлеңдерін тыңдады. Алғаш болып сөз алған облыс әкімі Қырымбек Көшербаев жиналғандардықұттықтап, ой салар жалынды сөздерін жүйелі жеткізді.
– Құрметті тұрғындар, айналайын балалар. Бүгін тарихи күн. Тарихи тұлғалар да білімге, біліктілікке аса мән берген. Абылай хан: «Білектің заманы өтіп, Білімнің заманы келе жатыр. Дайынбысың, ағайын!» – деген. Абай да білімге ден қою керектігін айтып кеткен. Елбасы да ел болашағы білімді ұрпақ екендігін ұдайы назарда ұстап, әр сөзінде тілге тиек етіп келеді. Сондай-ақ, балаларға жоғары, жетік білім алуы үшін жол ашып отыр. Міне, бүгін сендерге жаңа, заман талабына сай білім ордасы есігін айқара ашты. Осы білім ордасында еліміздің асыл арманын жүзеге асыратын болашақ Назарбаевтар мен Кекілбаевтар өссін. Айта кететін жайт, біз халық саны тез артып келе жатқан алдыңғы үш аймақтың қатарындамыз. Бұл қарқынмен өссек, 7-10 жылда облыс тұрғындарының саны 1 млн-ға жетеді деген үміт бар. Сондықтан біз денсаулық сақтау, білім, спорт нысандарын неғұрлым тез салуымыз керек. Себебі Елбасына, Тәуелсіздікке сенетін халық бар. Мынау тұрған Қарағандының өзінде биыл екі-ақ мектеп ашылған. Сол себепті де барды бағалайық, ағайын. Әсем, жаңа үлгіде салынған мұндай білім ордалары ұстаздарға аманат, – деді Қырымбек Көшербаев.
Аслан Сәрінжіпов те аймақ басшысының сөзін жандандыра түсті:
– Ата-аналар, ұстаздар. Бүгін ерекше күнде жиналып отырмыз. Әр мектептің ашылуы бізге қуаныш, мереке. Елбасы саясатының арқасында, мемлекетімізде жылына 100 мектеп ашылады. Оған Қызылорданың қосқан үлесі көп. Сондықтан осындай білім ордаларын жауапкершілікпен салып бітірген құрылысшыларға, Қырымбек Елеуұлына рахмет, – деді ол.
Өз кезегінде ата-аналар да ел тұтқасын ұстаған азаматтарға ризашылықтарын білдірді. Ал жаңа ғимарат ішін аралап көрген Қырымбек Көшербаев пен Аслан Сәрінжіповкітапхана қорына естелік кітаптар сыйға тартты.
Мөлдір ҚОЖАХМЕТОВА,
Бағдат ЕСЖАНОВ(сурет).
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |