ТІРЛІГІ ТОЛЫМДЫ ТІГІН ЦЕХЫ

ТІРЛІГІ ТОЛЫМДЫ ТІГІН ЦЕХЫБүгінде Қызылорда облыстық кәсіпкерлер палатасының кеңесшілері кәсіпкерлерге тегін бизнес-жобалар әзірлеп беріп жатыр. Осы кезге дейін 2,7 млрд теңгені құрайтын 126 бизнес-жоспар әзірленіп, олар банк тарапынан мақұлдануда. Әзірге аталған жобалардың ішінде жалпы құны 104 млн теңге болатын 10 жоба қаржыландырылған.

Әсия көпбалалы отбасында дүниегекелді. Қағаздан алуан өрнек, нақыштар қиюды ұнататын. Ауыл баласының үй шаруасына бейімболарыбаршаға мәлім. Өзге бауырларындай Әсия даанасынақолғабыс жасап өсті. Кішкентайынан марқұм апасы Кенжесұлудың жанына еріп өрмек тоқуды, алаша теруді, текеметке ою бастыруды меңгерді. Аяулы анасының қардай аппақ киізге салған ою-өрнегіне қызыға қарап, сондай шебер болуды армандайтын. Араға уақыт салып сол арманы жүзеге асты. Өзі де он саусағынан өнері тамған тігінші атанды. Тек атанып қоймады, талай шебер шәкірттерді баулыды. Ауқымды цех ашып, кәсіп жасады. Көздің жауын алатын сәндітой көйлектері айдай ару қалыңдықтардың ажарына көрік қосты. Дүниеде адамның қуанышына инедей болса да үлес қосқаннан артық бақыт болар ма?! Әзірлеген бұйымдары оясынан шыққан тапсырыс иелері ағыл-тегіл алғыстарын жаудырып жатқанда Әсияның көңілі босайды. Іштей сонау алыс­та қалған балалық шағын, әке-анасының жарқын жүзін, сағымға айналған бауырларын жадына түсіреді. Көкесі Ықылас «Алтын алма, алғыс ал» деп жиіайтушыеді.Ел-жұртына қадірлі әкесі мұсылманша сауатты, шари­ғаттан хабары мол жан-тұғын. Көкесін үлкен-кіші тегіс құрмет тұтатын, алдынан кесе өтпейтін. Перзенттері де сол тағылымды бойларына сіңіруден жалықпады.

Бала кезіндегі қиялынұшта­ған Әсия Келжанова сол тұстаАралдағыГПТУ аталатын оқу орнын бітіріп, тұрмыс қажетін өтеу комбинатынатігіншіболып орналасты. Жанына жақын мамандықты тез-ақ дөңгелентіп әкетті. Ауысым шеберлерібалаусақыздың пісенттілігіне ден қойды. Сенім білдірді. Жігерлі жасқа байырғы, өз кәсібінің біліктілері босқа үміт артпаған екен. Ықыластың Әсиясы беріл­ген межені мезетінде әрі асыра орындап жүрді. Басшылар тарапынан мадақтамалар иеленді. Кейін Алматыда әмбебап қиюшы мамандығы бойынша арнайы курс­тан өтті. Курс дегенге қомсынып қалмаңыз. Табаны күректей екі жыл нағыз мамандардан дәріс алды. Елге оралып жұмысын жалғастырды.

Тоқырау тұсындатұрмыс қажетін өтеу комбинаты жабылды. Атағы дардай мекеме нарық заңын айналып өте алмады. Не істеу керек? Бұл сол жылдардағы жалпақ жұрттың өзекті сауалы болатын. Алайда, хас шебер далада қалмады. Бір кезде өзі білім нәріне сусындаған училищеге қызметке ауысты. Уақыт өз ағынымен жүре берді. Әсияның қарбаласқа толы күндері бас­талды. Қуаныштысы, жылдар жыл­­­жыған сайын көкейдегі жос­­­­­­­парлары да жүзеге асты. Өн­ді­рістен қол үзбей жоғары оқу орнын бітірді. Бертін келе, училище колледж атанды.

Нақты кезеңдеӘсия Келжанова колледжде қыздарға тігін тігуден, ер балаларға сызбадан дәріс береді. Оған қоса «Әсия» тігін цехының меңгерушісі. Яғни, жеке кәсіпкер. Алғашқыда санау­лы адаммен шаруасын бастаған ұжымда енді 15 адам еңбек етеді. Мұндағы тігіншілердің басым бөлігі бұрынғы тұрмыс қажетін өтеу комбинатында жұмыс жасаған өте тәжірибелі мамандар. Олардың қатарындағы Қарлығаш Сангатинова, Бақыт Шамұратова, Шолпан Боранбаева, Гүлнар Мамытбековалардың есімдері көпшілікке жақсы мәлім. Кейбірінің осы салада жүргеніне 40 жылдан асыпты. Аз уақыт емес. Осынау абзал жандардан жастар тұрмақ тігін цехының меңгерушісі Әсияның өзі үйренудентартынбайды.

«Әсия» тігін цехында тапсырысқа сай көрпе-төсек, қыз­дардың сәнді көйлек­тері, қа­лыңдық киімі, теміржол­шы­лар­дың, ішкі істер, медицина қыз­меткерлерінің арнайы формалары, тағы басқа тігін бұйымдары дайындалады. Қажетті шикізаттар Алматы, өзге де қалалардан тасымалданады.

Әсияның жолдасыАралбай – түсінігі мол азамат. Әскери тәртіпті қалайтын Арекең бұған барынша қолдау көрсетеді. Қолы­ның ебі бар отағасы цехтағы қон­дырғылардың ұсақ-түйек жөн­деуін өзі реттеп қояды. Мұның зор көмек екендігі өзінен-өзі түсі­нікті. Кәсіпкерліктің қыр-сырын меңгеру оңайға соқпайды. Әсияғұмыр бойы ізденуді мақсат тұтқан. Осы тұрғыда атақты Берік Исмайловтың кеңесін тыңдады. Шәкірті атанды. Мұны мақтаныш тұтады. Келешекте тігін цехын ұлғайту межеде бар. Әрине, молқаражаткерек. Оғанмезгіл төреші. Бірақ қазіргі аяқ алыстары жан жадыратады. Алматы, Қызылорда, басқа да жерлерден студенттер арнайылап Әсияның тігін цехынаат басын бұрып, өндірістік іс-тәжірибеден өтеді.

 

Жұмабек ТАБЫНБАЕВ.

Арал ауданы.

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 11 тамыз 2015 г. 2 146 0