« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Аймақ экономикасының локомотиві «Ферроқорытпа зауытының құрылысы» жобасы өңірдегі үлкен жобалардың біріне айналмақ.
Өткен аптада облыс әкімінің орынбасары Ғалым Әміреевтің төрағалығымен «Кешенді қорытпа шығаратын ферроқорытпа зауытының құрылысы» жобасының қоршаған ортаға әсер етуінің алдын ала бағалау жайында қоғамдық тыңдау өтті.
Бүгінгі күні «Байқоңыр» ӘКК «Қуаттылығы 162 мың тонна төмен алюминийлі ферросилиций шығаратын ферроқорытпа зауыты» жобасының техникалық-экономикалық негіздемесін дайындады. Осыған орай, жергілікті ғалымдар мен республикалық ұлттық орталықтан мамандар шақырылып қоғамдық тыңдау өткізілді. Мәжілісте мамандар жобаның техникалық-экономикалық негіздемесінің басты көрсеткіштеріне арнайы тоқталып өтті.
Жобаға атсалысып жатқан «ҚР минералды шикізатты кешенді қайта өңдеу Ұлттық орталығы». Ақтөбе, Ақсу, Павлодар, Екібастұз және Тараз қалаларындағы зауыттардың құрылыс жобаларына қатысқан Ұлттық орталық бүгінде Қырғызстанда тағы бір зауыт салып жатыр. Мекеме директорының орынбасары Мыңжасар Айсауытов, «Қызылорда зауыты өнім берген кезде өте сапалы болат қорытпасын береді. Өйткені құрамында 0,2 пайыз ғана құрайтын алюминий, болат темірдің жоғары сапасына айналады. Қазіргі кезде мұндай жоғары сапалы болатты еліміз Франциядан алып жатыр», - дейді.
Ал, Ұлттық орталық бөлімшесінің лаборатория жетекшісі Әсем Тахамбетованың айтуынша, зауыт іске қосылған кезде шикізатты сырттан тасымайды, қажетіне жарайтын шикізат өнімдері аймақтың химиялық элементтерімен-ақ толығады. Сонымен қатар, зауыт мұржасынан шығар шаң және газға арналған өте қауқарлы фильтр қаралып отырғанын жеткізді. Ол 99,9 пайызға жұмыс істейді және қалдық газды жылу энергиясына айналдыруға болады.
Ғалымдардың айтуынша, дала қосында қалған күріш сабағы да көп кәдеге жарайды екен. Яғни, өңделген сабаннан кремний көмірқышқылы мен алюминийдің аз мөлшері шығады. Ал егер өндіріске салса таза ферросилицийге қол жеткізуге болады екен.
Қоғамдық тыңдау қорытындысымен «Ферроқорытпа зауыты» жобасы бойынша қоршаған ортаға әсер етуінің алдын ала бағалауының нәтижесі бойынша хаттамаға қол қойылды.
Сөз жоқ, аталған жоба жүзеге асуымен аймақ экономикасына оң әсерін тигізеді. Жаңа жұмыс орындары ашылып, бюджетке салық түсімі артады, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту үшін қосымша мүмкіндіктер пайда болады. Бұл жоба облыс халқы үшін өте жағымды жаңалық болғалы тұр. Зауыт салынып, іске қосылған жағдайда мұнда 700-ге жуық адам жұмыс жасайтын болады. Бұл облыс әкімінің бастамасымен қолға алынып жатқан аймақ экономикасын әртараптандыру, оның ішінде металлургиялық кластерді қалыптастырудағы алғашқы ірі нәтижелердің бірі. Негізінен метталлургиялық кластер Қазақстанның жаңа тау-кен металлургиялық орталықтың қозғалтқыш күші ретінде Қызылорда облысын жасақтауға және сирек кездесетін металдарды экономикалық айналымға енгізуге мүмкіндігін береді.
Бүгінде «Ферроқорытпа зауыты» жобасының техникалық-экономикалық негіздемесі дайын. Қазіргі таңда жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп, жыл соңына дейін мемлекеттік сараптамадан өткізіліп, құрылыс жұмыстары басталмақшы. Кәсіпорын құрылысы үшін бұрынғы ЦКЗ орнынан және Қызылорда ТЭЦ-не қарасты аймақтан 50 га жер учаскесі берілді.
Кластер құрылымында инновациялық қызмет көрсету инфрақұрылымын жасақтау көзделеді. Мәселен, жаңа кен орындарында металдардың қорларын анықтау бойынша жұмыс жоспарланып отыр. Сондай-ақ, металлургиялық кластер мүшелеріне және серіктестеріне ҒЗТКЖ жобалық конструкторлық жұмыстар және басқа да инжиниринг саласында қызмет көрсетілмек. Ферроқорытпа зауыты облыс орталығының индустриялық аймағында орналасатын болады. Қазірдің өзінде бұл жерде шыны зауыты және құбыр шығару өндірісін салу үшін алаңдар бөлінді.
Нұрбек Дәуренбеков.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |