ОБЛЫС ӘКІМІ Қ.Е.КӨШЕРБАЕВТЫҢ ОРАЗА АЙТ МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАУЫ

ОБЛЫС ӘКІМІ Қ.Е.КӨШЕРБАЕВТЫҢ ОРАЗА АЙТ МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАУЫҚұрметті жерлестер!

 

Сіздерді жер бетіндегі барлық мұсылман қауымы үшін ұлық мерекенің бірі – Ораза айт мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!

Шіліңгір шілденің аптап ыстығына қарамастан, төзімділік танытып, сабыр сақтап, Рамазан айын оразамен өткізген жерлестерімізге Алланың нұры жаусын!

Үш күн бойы тойланатын Ораза айт мейрамы – адамдарды бауырмалдық пен кішіпейілділікке, кешірімділік пен сүйіспеншілікке шақыратын ұлық мереке.

Қасиетті Рамазан айында барлық мұсылман рухани тазаруға ұмтылып, игі амалдарды еселеуге, мұқтаждарға қол ұшын беруге, ағайынның ықыласына бөленуге асығады. Осы ниетпен бұл айда біздің өңірде көптеген қайырымды шаралар ұйымдастырылды.

Өңір тұрғындары ислам бейбітшілік пен татулықтың діні екендігін өз ісімен дәлелдеді. Сондықтан Ораза айт мейрамы мұсылмандардың ғана емес, барлық азаматтардың бірлігін арттыратын мейрам болып саналады.

Халқымыздың бірлігі мен ынтымағы артып, Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, іргесі берік болсын!

Мүбарак Ораза айт ырыс-ынтымағымызды арттырып, шаңырағымызға бақ-береке, мол ырыс-дәулет әкелсін!

Айт мүбарак болсын!

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 16 шілде 2015 г. 1 191 0