ПРЕЗИДЕНТКЕ ШЫНЫ ЗАУЫТЫНЫҢ ЖОБАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

ПРЕЗИДЕНТКЕ ШЫНЫ ЗАУЫТЫНЫҢ ЖОБАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫАстана қаласында Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының және елді индустриалды-инновациялық дамытудың жүзеге асуына арналған Индустрияландыру күні өтті. Шара барысында Мемлекет басшысы көрмеге қатысып, Қазақстанда жеңіл өнеркәсіп саласында жүзеге асырылып жатқан бірқатар жобалармен танысты. Елбасына отандық кәсіпорындардың «Қазақстанда жасалған» деген маркамен шығарылып жатқан тауарлары таныстырылды. Сондай-ақ, ірі өндірістерге арналған көрмеде де болды.

Онда «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарма төрағасы Қуандық Бишімбаев холдинг қолдауымен жүзеге асырыла бастаған бірқатар ірі жобаларды таныстырды. Соның бірі – «Orda Glass Ltd» ЖШС-ның жақында ғана Қызылорда қаласында құрылысы басталған табақша шыны шығаратын және өңдейтін өндіріс жобасы.

Жоба қуаты – жылына 197 мың тонна шыны өндіру. Пайдалануға берілу мерзімі 2017 жылдың ақпаны. Зауыт құрылысы кезінде 500-дей адам жұмысқа тартылса, ол іске қосылғаннан кейін 310 тұрақты жұмыс орны пайда болады.

– «Orda Glass» зауыты – бұл қазақстандық үлесі 80 пайыздан кем болмайтын Қазақстан аумағындағы бірден-бір шыны зауыты. Өндіріс отандық нарықтың сұранысын 100 пайыз жауып тұратын болады. Зауыт өнімінің 30 пайызы экспортқа шығарылады», – деді Қ.Бишімбаев Мемлекет басшысына жобаны таныстыру барысында.

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 04 шілде 2015 г. 1 079 0