« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Жексенбі күні облыс әкімдігі мен «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық Атом Компаниясы» акционерлік қоғамы арасында «Жергілікті қамтуды дамыту» туралы келісімге қол қойылды.
Кездесу барысында аймақ басшысы Қырымбек Көшербаев «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық Атом Компаниясы» АҚ Басқарма төрағасы Асқар Жұмағалиевті жаңа қызметке тағайындалуымен құттықтап, кәсіпорынның өңірлік филиалдарының жұмыстарына қысқаша тоқталып өтті. Өз кезегінде, Асқар Жұмағалиев, Қызылорда облысы «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық Атом Компаниясының бастамаларын әрқашан қолдап келеді деп атап өтті.
Қос тарап жергілікті өнім көлемін ұлғайту, еншілес компаниялардың кеңселерін Қызылорда облысына көшіру және «Самара-Шымкент» тас жолының Қызылорда облысындағы бөлігін «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық Атом Компаниясы» балансына беру сияқты бірқатар мәселелерді талқылады. Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев пен «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық Атом Компаниясы» АҚ Басқарма төрағасы Асқар Жұмағалиев «Жергілікті қамтуды дамыту» туралы меморандумға қол қойды.
Меморандум өңірдің экономикасы мен әлеуметтік саласын одан әрі дамытуға, азаматтардың әл-ауқаты мен тұрмыс-тіршілігінің деңгейін көтеруге өз септігін тигізетін болады.
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ өңірдің әлеуметтік-экономикалық тұрақтылығын, соның ішінде еншілес компаниялар қызметкерлерінің еңбек құқықтарын қорғауға және жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған іс-шараларға тұрақты қатысатын болады.
Сапар аясында «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Басқарма төрағасы А.Жұмағалиев Жаңақорған, Шиелі аудандарындағы кәсіпорын филиалдарының жұмысымен танысты.
Нұрбек Дәуренбеков.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |