Еліміздегі ең үлкен саяси
шара өз мәресіне жеткен жексенбі күні кешкісін облыстық сайлау комиссиясының
төрағасы Қорғанбек Қайроллаұлы БАҚ өкілдеріне Қазақстан Республикасы
Президентін сайлауындағы заңдылықтың сақталуы мен сайлауға келушілердің
қорытындысы туралы брифинг өткізді.
– Облыс бойынша барлық 345 сайлау
учаскелерінде дауыс беру аяқталды. Тізімге енген 397885 сайлаушының 388019,
яғни 97,52 пайызы сайлауға қатысып, өз таңдауларын жасады, – деп облыстық
сайлау комиссиясының төрағасы Қорғанбек Қайруллаев мәлімдеді.
–
Сайлау барысында ешқандай заң бұзушылық,
арыз-шағым болған жоқ. Өз деңгейінде, заң аясында өтті деп айтуға толық негіз бар, – деді Қ.Қайруллаев.