ҚҰРМЕТТІ ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚТАР ЖӘНЕ ҚАЛА ҚОНАҚТАРЫ!

ҚҰРМЕТТІ ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚТАР ЖӘНЕ ҚАЛА ҚОНАҚТАРЫ!Сіздерді 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесіне, 7 мамыр – Отан қорғаушы күніне, 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күніне орай Қызылорда облысы бойынша ұйымдастырылатын мерекелік іс-шараларға қатысуға шақырамыз.
 
Мерекелік іс-шаралар БАҒДАРЛАМАСЫ
 
Қызылорда қаласы
 
Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай облыстық музей қорындағы мемлекеттік наградалардан (медаль, орден, т.б.) және жергілікті қылқалам шеберлерінің туындыларынан  «Тарих. Тағлым. Тағзым» атты көрме – 22 сәуір, 10 мамыр сағат 11.00. Көркемсурет галереясы.
 
«Жеңіске рух берген әндер» атты әскери және соғыс жылдарындағы әндерді орындаушы балалар хор ұжымдарының облыстық фестивалі – 28 сәуір, сағат 11.00. А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйі.
 
«Бір шаңырақ астында» атты әдеби-әуенді кеш – 28 сәуір, сағат 11.00. Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы.
 
«Бір халық, Бір ел, Бір тағдыр» атты мерекелік шара – 29 сәуір, сағат 10.00. Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы.
 
1 Мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесіне арналған театрландырылған қойылым, этно-мәдени орталық өкілдерінің концерті, спорттық жарыстар, велошеру – 1 мамыр, сағат 10.00. Орталық алаң.
 
Қалалық демалыс паркінің жаз маусымына салтанатты ашылу рәсімі – 1 мамыр, сағат 11.00.
 
Отан қорғаушы күніне орай «Сыр сұлтаны» байқауы – 4 мамыр, сағат 16.00. А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйі.
 
«Әскердегі бір күн» девизі аясында жастардың әскери өмірмен танысуы – 5 мамыр, сағат 09.00. Әскери бөлімдер.
 
Әскери бөлімдерде мектептің жоғары сынып оқушыларына арналған «Ашық есік» күні – 6 мамыр, сағат 10.00. Әскери бөлімдер.
 
Астана қаласындағы әскери парадты Қызылорда қаласының Орталық алаңындағы үлкен экраннан тамашалау, концерттік бағдарлама – 7 мамыр, сағат 11.00. Орталық алаң.
 
7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне және Ұлы Жеңіс күніне арналған мерекелік салтанат – 7 мамыр. Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театры.
 
«Ұлы Жеңісті жырлаймыз» атты республикалық ақындар айтысы – 8 мамыр, сағат 11.00. Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театры.
 
Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған Кеңес Одағының Батыры Т.Көмекбаевты еске алуға арналған халықаралық мемориал – 8 мамыр, сағат 15.00.
 
Қармақшы ауданы, Жосалы кенті.
 
Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған митинг, гүл қою рәсімі, концерттік бағдарлама – 9 мамыр, сағат 10.00. Тағзым алаңы.
Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған мерекелік концерт (Қазақстан эстрада жұлдыздарының қатысуымен) – 9 мамыр, сағат 19.00. Орталық алаң.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 21 сәуір 2015 г. 1 676 0