Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаевтың «Әкімдердің халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы»
2013 жылғы 15 тамыздағы №615 Жарлығына сәйкес, Қызылорда облысының әкімі
Қырымбек
Елеуұлы Көшербаев 2015 жылғы
18 ақпанда сағат 11.00-де
Н.Бекежанов атындағы
драма театрда халық алдында есеп береді.
Халықтың ұсыныстары, ескертулері мен пікірлері үшін
арнайы жәшіктер төмендегі мекен-жайларда орнатылған:
Арал ауданы бойынша: аудан әкімдігі ғимараты, аудандық мәдениет үйі ғимараты.
Қазалы ауданы бойынша: аудандық пошта, Халыққа
қызмет көрсету орталығы, Қазалы темір жол вокзалы.
Қармақшы ауданы бойынша: Жосалы кенті әкімі
аппаратының ғимараты, Вокзал ғимараты, «Халық Банк» АҚ аудандық бөлімшесінің
ғимараты, «Қазпошта» аудандық байланыс
мекемесінде.
Жалағаш ауданы бойынша: Аудан әкімі
аппаратының ғимараты, аудандық мәдениет
үйі ғимараты, Халыққа қызмет көрсету орталығы.
Сырдария ауданы бойынша: Аудандық мәдениет үйі,
аудан әкімдігі ғимараты, №35 орта мектеп, №36 орта мектеп, №210 орта мектеп,
аудандық орталық аурухана, кент әкімдігі ғимараты, №131 орта мектепте.
Шиелі ауданы бойынша: Темір жол вокзалы, «Халық Банкі» филиалы, Халыққа қызмет
көрсету орталығы, аудандық мемлекеттік кірістер басқармасы.
Жаңақорған ауданы бойынша: Аудан әкімі
аппаратының ғимараты, Жаңақорған кент әкімдігінің ғимараты.
Қызылорда қаласы бойынша: Темір жол вокзалы
ғимараты, «Жайна» базары, «Арзан»
базары, «Жаңа базар» базары, «Сыбаға» базары, «Универсам» сауда үйі, Автовокзал ғимараты, Титов қыстағы М.Ералиева
атындағы мәдениет үйі, Әуежай
ғимаратында орналастырылған.
Ескертпе: Барлық аудандардағы,
Қызылорда қаласындағы ауылдық округтер мен кенттерде әкім аппараты немесе
ауылдық клуб ғимараттарында жәшіктер орналастырылған.