БІРІНШІ БАЙЛЫҚ: БАТЫЛ БЕТБҰРЫС

«Қазақстан – 2050» стратегиясында Елбасы Н.Назарбаев «Ұлт денсаулығы – біздің табысты болашағымыздың негізі» деп атап көрсеткен болатын. Осы орайда елімізде тұрғындардың денсаулығын қорғау бағытында Елбасының бастамасымен бірқатар бағдарламалар қабылданып, көптеген ауқымды жұмыстар атқарылып келеді. Мемлекет басшысының жыл сайынғы қазақстандықтарға арнаған Жолдауларында денсаулық сақтау саласына барынша көңіл бөлініп, медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру мәселесіне жіті назар аударылып, қаржы көлемі де еселене артып отырғаны белгілі.

 

БІРІНШІ БАЙЛЫҚ:  БАТЫЛ БЕТБҰРЫСЖолдауда айтылғандай, тұрғындар саулығын сақтау мақсатында елімізде ауқымды жұмыстар атқарылуда. Соның ішінде Сыр өңірінде де іргелі істер баршылық. Әсіресе, ана мен бала өлімін, туберкулез бен қатерлі ісік аурушаңдығын төмендету, мектеп және мектепке дейінгі балаларды сауықтыру, ауыл тұрғындарына тәулік бойы стационарлық көмектің қолжетімділігін арттыру үшін облыста денсаулық сақтау саласының 2013-2014 жылдарға арналған «Жол картасы» бекітілді. Қазіргі таңда аймақта бұл көрсеткіштер едәуір жақсарды.

Істің тетігі қаржыға байланысты екенін ескерсек, бұл оң көрсеткіштер салаға құйылып жатқан қыруар қаржының нәтижесі екенін аңғару қиын емес. Облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың жина­лыстарда «Біздің аймақ әлеуметтік салаға қаржы жұмсаудан республикада он алты об­лыстың ішінде бірінші орында тұр» деп айтуы тегін емес. Мәселен, денсаулық сақтау саласын қаржыландыруға өткен жылы 34 млрд-ға жуық теңге қаралған, бұл 2013 жылмен салыстырғанда 15,2 пайызға артып отыр.

БІРІНШІ БАЙЛЫҚ:  БАТЫЛ БЕТБҰРЫСҚаржыландыру көлемінің жыл сайын артуы салаға заманауи озық техно­логияларды енгізуге, материалдық-техни­калық базаны нығайтуға, медициналық қызметтің сапасын арттыруға мол мүм­кіндік беруде. Былтыр 12 емдеу, алдын алу мекемесіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілсе, «350 дәрігерлік амбулатория, фельдшерлік-акушерлік пункт және емханалар салу» жобасын жүзеге асыру аясында ауысымына 250 келушіге арналған Қармақшы, Жалағаш, Сырдария және Жаңақорған аудандарында аудандық емханалар және бір ауылдық емхана құрылысын жүргізуге қаржы бөлініп, Сырдария және Қармақшы аудандық емханаларының құрылыстары аяқталып, қолданысқа берілді. Арал ауданы Сексеуіл кенті, Жалағаш және Жаңақорған аудандық емханаларының құрылыстары үстіміздегі жылы жалғасады деп күтілуде. Сонымен бірге үстіміздегі жылы «Жұмыспен қамту – 2020» жол картасы бағдарламасы шеңберінде 11 дәрігерлік амбулаторияның құрылысына қаржы қаралып, жетеуі пайдалануға берілген.

БІРІНШІ БАЙЛЫҚ:  БАТЫЛ БЕТБҰРЫС«100 мектеп, 100 аурухана» бағдар­ламасы бойынша бой көтерген қаладағы ірі әрі жаңа емдеу ұйымы «Ана мен бала» орталығының Сыр өңірі медицинасында маңызы зор. 200 төсек-орынға арналған орталық 2014 жылдың шілде айында ел игілігіне берілген болатын. Заманауи үлгіде салынып, озық құрал-жабдықтармен жаб­дық­талған орталықта күндізгі аурухана, кеңес беру-диагностикалық бөлімі, бірнеше ота жасау, босану, жансақтау бөлімдері бар. 20 төсектік күндізгі ауруханада емделушілер екі сағаттан сегіз сағат аралығында қажетті ем-домдарын ала алады. Кеңес беру-диагностикалық бөлімде аудандардан келген науқастарға көмек көрсетіледі. Аймақта ана мен балаға медициналық көмек көрсетуді үйлестіруші үлкен орын болып табылатын орталыққа қауіптілігі жоғары әйелдер тасымалданады.

Қызылордалықтар денсаулығын қор­ғау­да көп жылдардан бері сүбелі үлес қосып келе жатқан емдеу ұйымының бірі – облыстық медицина орталығы. БІРІНШІ БАЙЛЫҚ:  БАТЫЛ БЕТБҰРЫСЖыл өткен сайын орталықтың мүмкіндігі артуда. Елімізде жүрек-қан тамырлары ауруларынан болатын өлім-жітімді азай­ту туралы Елбасының тапсырмасына орай мұнда 2009 жылы кардиохирургия ор­талығы құрылып, соның негізінде жо­ғары медициналық көмек көрсетіліп келеді. Мәселен, 2010 жылы ашық жүрекке жа­салған оталар саны 62-ні құраса, былтыр бұл көрсеткіш 105-ке жеткен. Мұнан өз­ге жүрек-қан тамырлары ауруларына жа­салған оталар қаншама?! Облыста екі ма­мандандырылған кардиологиялық бригада жұмыс істейді.

Өткен жылы Сыр медицинасының тарихында тұңғыш рет созылмалы бүйрек ауруына шалдыққан науқасқа бүйрек ауыстыру операциясы жасалды. Осы арқылы Қызылорда елімізде бүйрек ауыстыру отасын жасаған төртінші облыс атанып отыр. Ота А.Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығының мамандарымен бірлесіп жасалды.

Медицина саласы күн өткен сайын даму үстінде. Ендеше, емдеу мекемелерін заманауи құрал-жабдықтармен жабдықтап отыру – уақыт талабы. Осы орайда об­лыс­тың емдеу ұйымдарын қажетті меди­циналық құрал-жабдықтармен қам­туға 2 млрд-тан астам қаржы қаралып, олар тиімді жұмсалуда. Мәселен, облыстық бюд­жеттен бөлінген 235,6 млн теңгеге 75 санитарлық автокөлік алынса, рес­пуб­ликалық бюджеттен қаралған 340 млн теңгеге 16 реанимобиль алынған. Сонымен қатар аймақта медицина саласы мамандарының біліктілігін арттыру, тә­жірибе алмасуға аса көңіл бөлініп келеді. Мамандар алыс-жақын шетелдерде іс- тәжірибеден өтіп, білімдерін шыңдауда. Сондай-ақ, облыс жастарын тарту мақса­тында Астана, Алматы, Ақтөбе және Шымкент қалаларындағы медициналық оқу орындары базасында «Бос орындар жәрмеңкесін» өткізу жолға қойылған. 2014 жылдың қорытындысымен медициналық ұйымдарда жоғары білімді медицина мамандарына тапшылықтың төмендеу тен­ден­циясы байқалады. Сала басшысы әсіресе, ауылдық жерлердегі дәрігер ма­ман­дарына қажеттілік соңғы үш жылда 52,3 пайыздан 37,8 пайызға төмендегенін айтады.

БІРІНШІ БАЙЛЫҚ:  БАТЫЛ БЕТБҰРЫС«Ауырып ем іздегенше ауырмаудың жолын ізде» дейтін халық даналығы заман жаңарып, уақыт өтсе де өзектілігін жоймақ емес. Бүгінгі таңда өңірде ат­қа­рылып жатқан салауатты өмір сал­тын қалыптастыру бағытындағы ке­шен­ді әрі жүйелі жолмен қауіп-қатер фак­торларының алдын алу және күшейту жұмыстары оң нәтижесін беруде. Елімізде қолға алынған скринингтік тексерудің басты мақсаты ауруды ерте сатысында анықтап, өлім-жітімнің алдын алу екені белгілі. Скринингтік тексеруге жас шама­лары бойынша былтыр 101748 адам тек­серуден өткен. Облыста скринингтік тек­серу­дің нәтижелі жүруіне жылжымалы ме­дициналық көліктер көп септігін тигізуде.

Денсаулық сақтау саласын дамыту, тұрғындар саулығын сақтау бағытындағы игілікті жұмыстар алдағы уақыттарда да жалғасын таба бермек.

Айнұр БАТТАЛОВА.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР / ДӘУЛЕТ 03 ақпан 2015 г. 1 594 0