« Шілде 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | |
7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 |
14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 |
21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 |
28 | 29 | 30 | 31 |
«Қазатомөнеркәсіп»
ҰАК» АҚ мен Қызылорда облысының әкімдігі арасындағы әлеуметтік-экономикалық
саладағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Бұл жайында «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ баспасөз қызметі мәлім етті.
Кеше Астана қаласында «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Қаппаров пен Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев «2015-2016 жылдарға арналған Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы аясындағы өзара ынтымақтастық туралы» Меморандумға қол қойды.
Осынау қол жеткен келісім шеңберінде ұлттық атом компаниясы әлеуметтік-инфрақұрылымдық даму, өңір тұрғындарының әл-ауқаты деңгейі мен өмір сапасын жақсарту бойынша міндеттеме алды. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ өңірдің әлеуметтік-экономикалық тұрақтылығы, соның ішінде еншілес компаниялар қызметкерлерінің еңбек құқықтарын қорғауға, қазіргілерін сақтай отырып, жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған іс-шараларға қатысатын болады.
Сонымен қатар, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ компания балансындағы барлық әлеуметтік нысандарды оларды қаржыландыру үшін 2015-2016 жылдарға арналған 1,6 млрд теңге көлеміндегі қаржысымен қоса Қызылорда облысының коммуналдық меншігіне береді. Атап айтқанда, әкімдікке 20 төсек-орындық станционарлық дәрігерлік-санитарлық бөлім, 280 балаға арналған балалар бақшасы, стадионы бар мәдени-спорттық орталығы, «Арман» мәдениет сарайы, монша-сауықтыру кешені, қонақ үй кешені және «Шиелі-Энергосервис» ЖШС тапсырылады. Сондай-ақ, Меморандум аясында ұлттық атом компаниясы Қызылорда қаласындағы жалпы сомасы 1,6 млрд теңгелік 150 төсек-орындық перзентхана және бір мезгілде 50 сырқатты қабылдай алатын емхана құрылыстарын қаржыландырады.
2015 жылы компания тиімділігін арттыру мақсатында «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның Қызылорда облысы аумағында уран өндіретін еншілес кәсіпорындарының кеңселері Алматыдан Қызылорда қаласына көшіріледі. Компаниялар кеңселерінің өңірге көшуі дамуға қосымша серпін береді, сондай-ақ облыс тұрғындарына көп әлеуметтік қолдау жасайды.
« Шілде 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | |
7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 |
14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 |
21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 |
28 | 29 | 30 | 31 |