« Шілде 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | |
7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 |
14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 |
21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 |
28 | 29 | 30 | 31 |
"ҚазГерМұнай БК” ЖШС-гі біріккен
кәсіпорын болып табылады. Компанияның теңгерімінде мұнай мен газдың бес кеніш
орны бар. Осынау өндіріс ошағы жыл сайын кен орындарының инфрақұрылымына қолдау
көрсету және оны дамыту үшін қомақты қаражаттарын инвестициялауда. Атап
айтқанда, «Ақшабұлақ» кенішінде қайта өңдеу қуаты жылына 3 млн. тонна мұнай
дайындау цехы қолданылады. Бұған ұқсас қондырғы Нұралы кенішінде де бар.
Сондай-ақ, Ақшабұлақ кенішінде ГДҚ-1 және ГДҚ-2 құрғақ тауар газын дайындау
мақсатында екі қондырғы жасалып, бүгінгі таңда қолданысқа берілген. Бұлар
Қызылорда қаласы тұрғындарын көгілдір отынмен қамтамасыз етіп отыр. Бұған қоса
ағымдағы жылы Нұралы-Ақшабұлақ жаңа мұнай құбырының да қолданысқа берілгенін
айта кету керек.
Биылғы жылы «Ақсай» кен орнын жайластыру қадамында және ҚР Энергетика министрлігі бекіткен жобалау құжаттарының негізінде компания аталмыш кенішті қолданысқа енгізуді жоспарлаған болатын. Кен орнында мұнай және газ конденсатын шығару ғана емес, алдағы жылдан бастап мұнда табиғи газды да өндіруді жоспарға енгізген. Осының арқасында Сыр аймағы тұрғындарына ұзақ мерзімге құрғақ тауар газын жеткізуге мүмкіндік болмақ.
«Ақсай» мұнай-газ кеніші 1988 жылы анықталған болатын. Ақсай Ақшабұлақ кен орнынан батысқа қарай 25 шақырым жерде орналасқан. Алып жатқан аумағы 296 шақырым.
«Ақсай» кен орны 2000 жылдан бастап 2006
жылға дейін кен орны сынамалық пайдалануда болған еді. 2007-2011 жылдары газ
шоғырларын жете барлау бойынша жұмыстары жүргізілген. Бұл Ақсайдың, атап
айтқанда, мұнай жиектерімен газ кен орны болып табылатынын нақтылауға мүмкіндік
берді. Ал, 2012-2014 жылдары кеніште өндірістік жұмыстар жалғасты.
Мұнай қорлары бойынша «Ақсай» кен орнының «Ақшабұлақ» пен «Нұралы» кен орындарына қарағанда едәуір кіші екенін атап өту керек. Бірақ, Ақсай газға бай және оны игеру жобаны іске асыру бойынша жылына 550 млн. шаршы метр деңгейінде газ өндіруге және 2020 жылға дейін Қызылорда қаласын газбен тұрақты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Кеше «Ақсай» кен орны салтанатты жағдайда пайдалануға берілді. Шараға қатысқан облыс әкімінің орынбасары Нұрлан Әлібаев, "ҚазГерМұнай БК” ЖШС мен "ҚазМұнайГаз” БӨ” АҚ қызметкерлеріне шын жүректен алғыс сезімін білдіре отырып, 2020 жылға дейін Қызылорда қаласын газбен тұрақты қамтамасыз етуге мүмкіндік туғанын айрықша атап өтті.
– Біздің компания жыл сайын кен орындарының инфрақұрылымына қолдау көрсету және оны дамыту үшін қомақты инвестиция салуда, – дейді өз сөзінде "ҚазГерМұнай БК” ЖШС-ның бас директоры Медет Кәрім. Кен орындарында қолданылатын барлық өндіріс ошақтары мұнай саласындағы техниканың заманауи үлгілерімен жабдықталып, толығымен автоматтандырылған. Содан да Сыр аймағы тұрғындарын көгілдір отынмен тұрақты қамтамасыз ету бағытындағы жұмыс жоспарлы жүргізіле беретін болады.
Кен орнының ашылу салтанатында "ҚазМұнайГаз БӨ” акционерлік қоғамының бас директоры Абат Нұрсейітов те сөз алып, көгілдір отын таратушыларға сәттілік тіледі. Сонымен, «Ақсай» кен орны пайдалануға беріліп, Сыр елі тұрғындары жаңа жыл қарсаңында тағы бір қуаныш құшағына кенеліп отыр.
Еркін ӘБІЛ.
« Шілде 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | |
7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 |
14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 |
21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 |
28 | 29 | 30 | 31 |