« Шілде 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | |
7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 |
14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 |
21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 |
28 | 29 | 30 | 31 |
1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай
қаладағы "Мұз айдыны” спорт кешенінде мерекелік шара өткізілді. Оған
қатысушыларды облыс әкімінің орынбасары Нұржан Әлібаев құттықтап, мүмкіндігі
шектеулі спортшыларға автокөліктің кілтін табыс етті.
– Бүгін еліміз үшін айтулы күн. Ол ҚР Тұңғыш Президенті күні. Өздеріңіз де білесіздер, Елбасы спорт саласына ерекше назар аударып, оның өркендеуіне жан-жақты қолдау білдіріп келеді. Бұл жайлар Мемлекет басшысының жыл сайынғы Жолдауынан айқын көрініс табуда, – деді Н.Әлібаев. – Жолдауды іске асыру барысында біз де өз тарапымыздан спорт алаңдарын іске қосып, олардың санын арттырып келеміз. Бұл, түптеп келгенде, спорттық шараларға тұрғындарды көптеп тартуға септігін тигізері анық.
Облыста бұқаралық спортпен қатар мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасындағы спорт та даму үстінде. Соның бірі "Мұз айдыны” спорт кешенінен мүмкіндігі шектеулі спортшылар бөлімшелері ашылып, жұмыс жасауда. Облыста бұл спорт түрлері бойынша 29 секцияда 258 спортшы шұғылданады. Бір биылғы жылдың өткен он бір айында облыста 61 іс-шара өткізіліп, оған 1276 адам қатысты.
Қазіргі күні республикалық және халықаралық жарыстарда жақсы нәтиже көрсетіп жүрген тоғыз спортшыға ай сайын стипендия беріледі. Оларды спорттық киім және құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету мақсатында жыл сайын облыстық бюджеттен қаржы бөлінуде. Мұны спортшыларға деген үлкен қамқорлық деп түсінген дұрыс. Өткен жылы Қызылорда қаласында мүмкіндігі шектеулі спортшылардың жетістіктерін арттыруға жағдай жасайтын алғашқы рет паралимпиадалық комитет ашылды. Сөйтіп, биыл ҚР Ұлттық құрама мүшелігіне облыстан 16 спортшы енді. Сондай-ақ, осы жылы Инчхон қаласында өткен ойындарда облысымыздан төрт спортшы қатысып, шеберліктерін шыңдап келді. Осындай жұмыстардың нәтижесі болса керек, облыста мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында жеті ҚР Халықаралық дәрежедегі спорт шебері мен 25 ҚР спорт шебері дайындалды.
Шара барысында облыс әкімінің орынбасары Н.Әлібаев мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында отырып ойнау волейболынан әлем чемпионы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстан құрама командасының бас жаттықтырушысы Ерік Қасқабаевқа Германияның "Фольксваген” маркілі шағын автобусының кілтін табыс етті.
Осы күні "Мұз айдыны” спорт кешенінде жоғары және орта арнаулы оқу орындары арасындағы облыстық спартакиада жалауын көтерді. Алты күнге созылатын бұл жарысқа 18 команда қатысып, олар жеті спорт түрінен сайысқа түседі.
Айғали ҚАРАБАЛАЕВ.
« Шілде 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | |
7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 |
14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 |
21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 |
28 | 29 | 30 | 31 |