« Шілде 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | |
7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 |
14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 |
21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 |
28 | 29 | 30 | 31 |
Облыс әкімі
Қырымбек Көшербаевтың аудандарға іссапары жексенбі күні өңірдің
солтүстігіндегі Қазалы ауданында
жалғасты.
Аймақ басшысы Қ.Көшербаев алдымен Әйтеке би кентіндегі "Қолжетімді тұрғын үй-2020” бағдарламасы шеңберінде салынып жатқан үй құрылысымен танысты. Осы жерде Қазалы ауданының әкімі Бақыт Жаханов өңір жетекшісіне көрнекі тақта арқылы аталған бағдарлама аясында атқарылып жатқан жұмыстарды баян етті.
Өткен жылы аудан орталығында 2 арендалық үй салынған. Ал, биыл аталған бағдарлама шеңберінде аудан орталығында бірқабатты 12 арендалық тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Бұған қоса, Т.Айбергенов көшесінде көпқабатты үйдің құрылысын "Болашақ” серіктестігі жүргізуде. Жалпы құны 206 млн. теңге болатын жоба бойынша 3 қабатты нысан 18 пәтерден тұрады. Ғимарат ауыз су, кәріз және орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған. Сонымен қатар аудан әкімі Бақыт Жаханов аудан орталығы газдандырылған кезде тұрғын үй бағдарламасы бойынша салынып жатқан үйлердің газ құбырына дереу қосылатынын жеткізді. "ҚазТрансГазАймақ” АҚ "Қызылорда облысының 5 елді мекенін газдандыру” инвестициялық жобасы аясында аудан орталығы – Әйтеке би кентіне жақын арада автоматтандырылған газ тарату стансасы орнатылатын болады. Ал кентішілік газ құбырларының желілері алдағы жылдың 1 шілдесінде басталады деп күтілуде. Жалпы Әйтеке би кентінде соңғы жылдары аталған бағдарлама бойынша бой көтерген арендалық тұрғын үйлердің барлығы да таяу уақытта салынатын автоматтандырылған газ тарату стансасы орнатылатын жерге жақын орналасқан. Аталған тұрғын үйлер желтоқсан айында пайдалануға берілмек.
Нақты кезеңде аудан бойынша үй кезегінде тұрған азаматтардың саны – 400. Ал, алдағы жылы осы бағдарлама шеңберінде тағы 9 арендалық баспана салынады деп жоспарланып отыр.
Мұнан соң облыс әкімі Қ.Көшербаев аудан орталығындағы Қ.Пірімов көшесінен бой көтерген спорт кешенінің ашылу салтанатына қатысты. Типтік жобада салынған спорт кешеніне қаражат аудандық бюджеттен бөлінген. Қос қабатты 120 орындық спорт кешенінің тұсаукесер рәсімінде сөз алған аймақ басшысы Қ.Көшербаев адам денсаулығы қоғамның өлшеусіз байлығы екенін атап өтті. "Саламатты Қазақстан” бағдарламасының облыста жүзеге асуы туралы тарқата айтқан өңір жетекшісі Елбасының бұл мәселені үнемі назарда ұстап отыратынына тоқталды. Жаңа спорт кешенінің символикалық кілтін "Жылу ХХІ” ЖШС басшысы К.Бижанов спорт кешенінің директоры Н.Әбиевке табыс етті. Мұнан соң кент тұрғындары атынан сөз алған аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Оразғали Бекпанов соңғы жылдары ауданда әлеуметтік нысандардың көптеп салынып жатқанын жеткізіп, облыс басшылығына алғысын білдірді.
Д.ЕЛУБАЕВ.
« Шілде 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | |
7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 |
14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 |
21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 |
28 | 29 | 30 | 31 |