« Шілде 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | |
7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 |
14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 |
21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 |
28 | 29 | 30 | 31 |
Медициналық көмектің қолжетімділігін арттырып, денсаулық сақтау саласын дамыту мақсатында жыл сайын салаға бөлінетін қаржы көлемінің артып отырғанын айтпағанның өзінде оларға қажетті автокөліктер мен құрал-жабдықтардың барлығы жаңалануда. Мәселен, өткен жылы емдеу мекемелеріне қажетті 30 санитарлық автокөлік алынса, биыл жыл аяғына дейін 90-ны берілмекші.
Салтанатты жиында аймақ басшысы денсаулық сақтау саласы бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, жаңа автокөліктеріне құтты болсын айтты.
– Құрметті медицина саласының қызметкерлері! Халқымызда «бірінші байлық – денсаулық» деген даналық сөз бар. Осы орайда Елбасы Жолдауларында, еліміздің 2050 Стратегиясында да және арнайы қабылданған «Саламатты Қазақстан» бағдарламасында медицина саласын әлеуметтік стандарттарға сәйкестендіру туралы талап қойылғаны белгілі. Бүгінде осы талап бойынша жан-жақты жұмыстар атқарылуда. Соңғы екі жылда бұл саланы қаржыландыру 61,5 пайызға өсті. Халқымыздың орташа өмір сүру ұзақтығы 70,2 жасқа жетсе, ана мен бала өлімі 30 пайызға азайды. Биылдың өзінде бірнеше медициналық жаңа нысандар іске қосылып, 200 орындық «Ана мен бала» орталығы, екі аудандық емхана мен 13 дәрігерлік амбулатория ел игілігіне берілді. Бұл медициналық мекемелерге осы жаңа автокөліктер толыққанды қызмет ететін болады, – деген облыс әкімі дәрігерлерге автокөліктердің кілтін тапсырып, жұмыстарына сәттілік тіледі.
Айта
кету керек, бүгінгі таңда облысқа 75 автокөлік жеткізілген. Қараша айының
соңына дейін қалған 16 санавтокөлік әкелінетін болады.
Шарада, сондай-ақ, денсаулық сақтау саласының ардагері Сағындық Шәмшиев сөз алып, саланың дамуы үшін қамқорлығын аямай келе жатқан облыс әкіміне алғысын айтты, әріптестерін автокөлікті болуларымен құттықтады.
Айнұр БАТТАЛОВА.
« Шілде 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | |
7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 |
14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 |
21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 |
28 | 29 | 30 | 31 |