« Шілде 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | |
7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 |
14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 |
21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 |
28 | 29 | 30 | 31 |
Бейсенбі күні облыс орталығында Құтқарушылар күніне орай сала қызметкерлеріне салтанатты түрде жаңа автокөліктердің кілті табысталды. Шараға облыс әкімі Қырымбек Көшербаев пен еліміздің Ішкі істер министрінің орынбасары Владимир Божко қатысты.
Мерекелік шара қаламыздың «Мерей» шағын ауданындағы «Отқа оранған өрендер» ескерткіш алаңында өтті. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті «Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары Ораз Жұмабеков министрдің орынбасары В.Божкоға құтқарушылар күніне арналған мерекелік шараға департаменттің құрылымдық бөлімшелері дайын екендігін мәлім етті. Салтанатты шараны ашқан облыс әкімі төтеншеліктер қызметінің маңыздылығын атап өтті.
– Құтқарушы қызметі – қырағылық пен
шапшаңдықты, батылдық пен жауапкершілікті талап ететін мамандық. Өз тағдырын
аса ауыр да абзал мамандықпен ұштастырған жауапты кәсіп иелеріне облыс әкімдігі
тарапынан үнемі қолдау көрсетілуде. Нәтижесінде соңғы жылдары аймағымызда орын
алатын төтенше жағдай 19 пайызға азайды. Ал, зардап шегушілер қатары 44,9
пайызға төмендеп отыр, – деді аймақ басшысы Қ.Көшербаев.
Мұнан соң ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары В.Божко құтқарушыларды төл мерекесімен құттықтап, жасалған көмек үшін облыс әкіміне алғысын білдірді. Келесі сәтте облыс әкімі Қ.Көшербаев пен В.Божко 7 ауданнан келген төтенше жағдай қызметі басшыларына жеңіл автокөліктердің кілтін табыс етті. Салтанатты шарада төтеншеліктерге 13 арнайы жасақталған көлік, бұған қоса, құтқару құралдарының 8 жиынтығы табысталды. Айта кетейік, арнайы техникаларды алуға биыл облыс қазынасынан 311 млн. теңге қаражат бөлініпті.
Нақты кезеңде Сырдария өзені бойында мұз кептелісі орын алу мүмкін 26 қауіпті аймақ бар. Көктемгі сең жүру мезгілінде жоғарыдан келетін мол суды облыс аумағынан қауіпсіз өткізіп жіберу үшін аймақ тарихында тұңғыш рет тиісті қаржы алдын ала қаралып отыр. Облыс бджетінен қазірдің өзінде 703 млн. теңге қаражат бөлінгенін атап өткен облыс әкімі мұның ерте көктемде орын алатын тасқын судан ешкім зардап шекпес үшін жасалып жатқанын, төтеншеліктердің барлық жағдайға бүгіннен дайын болу үшін барлық жағдай жасалып отырған жеткізді.
Шара соңында қонақтар жылу түтінінен қорғау камерасы мен оқу өрт мұнарасының және департамент теңгеріміндегі заманауи техникалардың ерекше көрмесімен танысты.
Дәуіржан ЕЛУБАЕВ
« Шілде 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | |
7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 |
14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 |
21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 |
28 | 29 | 30 | 31 |