« Шілде 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | |
7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 |
14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 |
21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 |
28 | 29 | 30 | 31 |
Қаламыздың
Орталық алаңында «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ-на қарасты мұнай компаниялары
ұжымдары арасындағы дәстүрлі ІІІ спартакиаданың ашылу салтанаты өтті. Спорттық
жарысқа қатысушылар мен көрермендерді облыс әкімі Қырымбек Көшербаев құттықтап,
сәттілік тіледі.
Еңбек ұжымдары арасындағы жарысқа қатысушыларға арнаған тілегін аймақ басшысы Қ.Көшербаев былайша өрнектеді:
– Мемлекет басшысы елімізде бұқаралық спортты дамытуға барлық уақытта айрықша көңіл бөліп келеді. Елбасының тапсырмасына сәйкес біздің облысымызда да спортты дамытуға барынша қолдау жасалуда. Аймақта жаңа спорт нысандары салынып, спорт мектептері көптеп бой көтеруде. Облыстың, сонымен қатар республика экономикасының дамуына ғана емес, спорттың да өркендеуіне үлес қосып отырған мұнай компанияларының рөлі маңызды. Аталған спорт сайысында тек мықтылар жеңіске жетсін!
Мұнан соң «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ бас директоры Абат Нұрсейітов, аталған компанияның еншілес кәсіпорны болып табылатын жергілікті «ҚазГерМұнай» БК» ЖШС бас директоры Медет Кәрім дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан спартакиаданың табысты өтуіне тілектестіктерін жеткізіп, ұжым қызметкерлерін спорттық шараның ашылуымен құттықтады.
Ұжымдар арасындағы ІІІ спартакиада
жергілікті «ҚазГерМұнай» БК» ЖШС базасында ұйымдастырылуда. Сыр өңірінде
жалауы желбіреген спартакиадада бес күнге созылады. Онда мұнай саласы
қызметкерлері спорттың 11 түрінен өзара бақ сынасып, мықтыны анықтайтын болады.
Биылғы ерекшелік, аталған шара «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ-ның 10 жылдық мерейтойымен
тұспа-тұс келіп отыр. Ал, алғашқы спартакиада елордамыз Астана қаласында,
екіншісі өткен жылы Маңғыстау облысындағы Жаңаөзен қаласында «Өзенмұнайгаз» АҚ
базасында өткізілген еді.
Біздегі спорт сайысына аталған акционерлік қоғамға қарасты бірнеше еңбек ұжымдарынан спортшылар келді. Айтап айтсақ, Атырау облысындағы «Ембімұнайгаз» АҚ, Маңғыстау облысынан «Өзенмұнайгаз» және «Қаражанбасмұнайгаз» АҚ-лары, «ҚазГерМұнай» БК» ЖШС, «Технологиялық көлік және ұңғымаларға қызмет көрсету басқармасы», сонымен қатар «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ орталық аппараты мен «Инженерлік орталық», «Урал Ойл Газ» ЖШС, «Карповский Северный» ЖШС, «Барлау активтері» серіктестіктерінің құрама командалары, барлығы 300-ден астам мұнайшы қатысуда.
Салтанатты шара Қазақстан және жергілікті эстрада жұлдыздарының ән кешімен жалғасты. Іс-шара соңы отшашуға ұласты.
Дәуіржан ЕЛУБАЕВ.
« Шілде 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | |
7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 |
14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 |
21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 |
28 | 29 | 30 | 31 |