ДУШАНБЕ ДЕКЛАРАЦИЯСЫНА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

ДУШАНБЕ ДЕКЛАРАЦИЯСЫНА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫКеше Тәжікстан астанасында өткен ШЫҰ кеңесінен кейін ұйымға мү­ше мемлекеттер басшыларының қатысуымен Душанбе декларациясына қол қойылды. Құжатты Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Өзбекстан, Ресей және Тәжікстан Президенттері рәсімдеді.

Сондай-ақ 6 елдің Көшбасшылары, атап айтқанда, Нұрсұлтан Назарбаев, Си Цзиньпин, Владимир Путин, Ислам Кәрімов, Алмазбек Атамбаев, және Эмомали Рахмон ШЫҰ-ға мүше мемлекет мәртебесін алу мақсатында өтінім беруші мемлекеттің міндеттемелері туралы үлгілік меморандумның жаңа редакциясын бекіту туралы, ШЫҰ-ға мүше мемлекет мәртебесін беру туралы тәртіпті бекіту туралы, 2025 жылға дейінгі ШЫҰ-ның даму стратегиясының жобасын дайындау туралы, Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің 70 жылдығын мерекелеу туралы, ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесі шешімдерінің іс-әрекетін тоқтату туралы, ШЫҰ-ның символикасы туралы ережені бекіту туралы, өткен жыл ішіндегі ШЫҰ қызметі жөніндегі ШЫҰ бас хатшысының баяндамасын бекіту туралы, 2013 жылғы ШЫҰ Өңірлік лаңкестікке қарсы құрылымы қызметі жөніндегі баян­дамасын бекіту туралы шешімдерге қол қойды.


НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР / АҚПАРАТ 13 қыркүйек 2014 г. 868 0