«Сыр елі – жыр елі» демекші, Сыр сүлейлерінің заңды жалғастырушылары жастар. Тек ұлттық нақышта ғана емес, заман талабына сай Қазақстан 2017 жылы «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін өткізу мәртебесіне ие болып, егеменді еліміздің алтын ғасыры басталған уақытта Қазақстанның болашағы жастардың бойындағы талантын ояту және оларды әлемдік деңгейге тәрбиелеу, кәсіби ән салу өнерін барынша дамыту, жас талант иелерін іздеу, жас әншілердің кәсіби орындаушылық деңгейінің көтерілуіне жол ашу мақсатында Қызылорда облысының мәдениет басқармасы Байқоңыр қалалық мәдениет, жастар саясаты, туризм және спорт басқармасымен бірлесе отырып 2013 жылдың қараша айының 6-7 күндері Байқоңыр қаласында «Сырдың жас жұлдыздары» атты жаңа жобамен жас таланттардың облыстық фестиваль-конкурсын өткізеді. Бұл жоба жастар арасында ұлттық және әлемдік музыкадағы классикалық мұраларды насихаттауға, кәсіби ән салу, аспаптық орындау, хореография саласында шығармашылық дарыны бар жастардың шеберліктерін шыңдауға, республикалық, халықаралық конкурстарға қатысуына, үлкен сахналарда өнер көрсетуіне мүмкіндік жасайды.
Облыста алғаш рет өткелі отырған фестиваль-конкурс үш жанр бойынша Байқоңыр қаласында өтіп, оған бойында өнері бар, талантты өнерпаздар мен жастар бақ сынасады.
Фестиваль-конкурс бағдарламасында:
6 қараша
15.00 Фестивальдің ашылу салтанаты. (Байқоңыр қаласының Мәдениет сарайы).
15.30-17.30 «Академиялық ән салу» жанры бойынша конкурс. (Байқоңыр қаласының Мәдениет сарайы).
16.00-18.00 «Аспапта орындау» жанры бойынша конкурс. (Байқоңыр қаласының музыка мектебінің концерт залы).
7 қараша
10.00-12.00 «Хореография» жанры бойынша конкурс. (Байқоңыр қаласының Мәдениет сарайы).
15.00-16.00 Фестивальдің жабылу салтанаты. Марапаттау рәсімі. Қорытынды концерт. (Байқоңыр қаласының Мәдениет сарайы).
Қызылорда облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығы.