Қызылорда: өңдеу өнеркәсібінде өнім көлемі өскен

Биыл қаңтар-сәуір айларында елімізде өңдеу өнеркәсібіндегі өнім көлемі 7%-ке өскен. Өңірлер бөлінісінде Қостанай (24%), Қызылорда (20,2%) және Түркістан (17,2%) облыстарында жоғары өсім байқалады. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов баяндады.
Есепті мерзімдегі әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы Үкімет отырысында баяндама жасаған министр Жамбыл (-3,3%) және Ақтөбе (-4,4%) облыстарында төмен көрсеткіш тіркелгенін жеткізді.
Айтуынша, өңдеу өнеркәсібіндегі өсім, әсіресе, машина жасау (25,4%), фармацевтика (24,2%), құрылыс материалдарын өндіру (15,6%) және жеңіл өнеркәсіпте (13,9%) сақталды.

Сб-ақпарат.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 12 мамыр 2020 г. 427 0