« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
– Біз «Қызылорда» қонақүйіндеміз. Жұмысқа барып-келуіміз, уақытылы тамақтануымыз, қажетті құрал-жабдықтар мен киім-кешектеріміздің барлығы қамтамасыз етілген. Осында көпбейінді облыстық аурухана мамандары бізге қызмет көрсетіп жатыр. Тіпті жұмыстан шаршап келгенде олардың бір ауыз жылы сөзі сергітіп тастайды. Ел де алғысын айтып жатыр. Түсінгенім: қоғамға өзіңнің керек екеніңді сезіну бақыт екен, – дейді Алмагүл Шәмшатқызы.
Қонақүйдегі қызметті көпбейінді облыстық аурухана мамандары қолға алған. Бұл жерде аға мейіргер Жібек Ибраева басшылық жасайды. Вируспен күресте тікелей атсалысып жатқан облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің карантиндік 5-ші корпусында қызмет етіп жатқан көпбейінді қалалық аурухана және облыстық фтизиопульмонологиялық орталығының қызметкерлері осында орналасқан. Олар жұмыстан кейін осында келеді. Бір жарым ай бойы отбасымен қауышпағандар да бар.
– Барлығы шаршап келеді. Тіпті психологиялық тұрғыда шаршайтындар бар. Әдепкі кездері олар 12 сағаттап, тіпті кейде 24 сағаттап жұмыс істеді. Кейін бір жүйеге келген соң 8 сағаттық ауысымға көшті. Біз олардың барлығын күліп қарсы аламыз. Тікемізден тік тұрып, қызмет жасаймыз. Табалдырықтан бастап, хал-жағдайын сұрап, тексеруден өткіземіз. Көздері қызарып келеді. Қиын жағдайда жұмыс істеп жатқандары көздерінен көрініп тұрады. Ал жұмыстан келіп, демалып жатқанда демалыс орны тып-тыныш болып тұрады. Біз осының бәрін бақылауда ұстаймыз, – дейді көпбейінді облыстық аурухананың аға мейіргері Жібек Мұхамединқызы.
Мамандар қызметкерлер жұмысқа кеткенде залалсыздандыру жұмыстарын жүргізеді. Өйткені, науқаспен тікелей жұмыс істеп жатқан жандардың вирус жұқтыру қаупі бар. Сол себепті күніге екі мәрте дене қызуын тексеріп отырады.
Қонақүйде наурыз айында 170 маманға дейін жатқызылған. Бүгінде облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының қызметкерлері М.Мәметова атындағы Қызылорда жоғары педагогикалық колледжінің жатақханасына ауыстырылыпты. Десе де, ол жерде де барлық жағдаймен қамтамасыз етілмек. Өйткені, қауіппен бетпе-бет келер жандар қандай құрметке болса да лайық!
Дәулет ҚЫРДАН,
«Сыр бойы».
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |