Қызылордада 144 адам індет құрығынан құтылды

Бүгін, яғни 06.05.2020 ж. сағат 16:00 уақыты бойынша өңірімізде коронавирус індетінен тағы 4 науқас емделіп шықты. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.
Емделушілердің емі толық аяқталған соң, 2 рет тест сынамасы алынды. Сынама нәтижесі теріс көрсеткіш көрсетуіне орай, яғни науқастар "Covid-19" вирусынан айығуына байланысты ауруханадан үйіне қайтарылды.
Індетті жеңген емделушілердің 3-уі - Жаңақорған, 1-уі - Шиелі ауданының тұрғыны.
Емделушілер алдағы уақытта 14 күн бойы аймақтық дәрігерлер бақылауында болады.
Осы күнге дейін өңірімізде індеттен айығып шыққандар саны - 144. Олар: Қызылорда қаласы - 21, Арал ауданы – 4, Қазалы ауданы – 2, Қармақшы ауданы – 4, Сырдария ауданы – 25, Шиелі ауданы – 60, Жанакорған ауданы - 28).


НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 06 мамыр 2020 г. 373 0