« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Кеше облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова қала ішіндегі бірқатар нысандарды аралады. Алдымен «Сыр-Ана» монументіндегі қайта жаңғырту жұмыстарын көрген аймақ басшысы алаң жанындағы ақпараттық стендтер арқылы қаланың даму көрсеткіштерінің барысымен танысты.
Жалпы құны 277 млн теңге болатын монументтің қала көркіне айрықша ажар беретіні анық. Екі жарым гектар аумақты алып жатқан құрылыс нысанында қосымша спорттық ойын алаңдары, су бұрқақтар салынады. Бұрынғыдай жалаңаш күйде емес, жан-жағына түрлі ағаш көшеттері отырғызылып, жасыл газон да төселеді.
Тағы бір қуанышты жаңалық, бес шақырымға жуықтайтын Сұлтан Бейбарыс көшесінен басталатын Тәуелсіздік көшесін Тасбөгет кентіндегі гидроторапқа дейін магистральді жол құрылысы биыл күшіне енбек. Оған жауапты мердігер мекеме – «Қыран» ЖШС. Былтыр облыстық бюджеттен аталған жол құрылысын салуды бастау үшін 100 млн теңге бөлінген еді. Биыл республикалық бюджеттен 718,4, ал облыстық бюджеттен 5 млн теңге қаржы қаралыпты. Дария бойын жағалай жатқан жолдың бойында 4 автобус аялдамасы, 3 автотұрақ, жаяу жүргінші және веложол да болмақ. Түнгі жарық шамдарды орнату да қарастырылған.
Мұнан соң облыс әкімі Рәміздер алаңы мен Тұңғыш Президент саябағының арасындағы демалыс және денсаулық паркінің құрылыс жұмыстарын да көрді. Негізгі құрылысын «Бақ-Береке 2030» ЖШС жүргізіп жатқан жалпы ауданы 30 гектарды құрайтын саябақ Қорқыт ата атындағы әуежайға апарар жол бойындағы Рәміздер алаңы және Тұңғыш Президент саябағы арасын қамтиды.
– Былтыр қыркүйек айында басталған саябақтың жалпы жобалық құны 1 млрд 114 млн теңгені құрайды. Мұнда 12 комплекті 6 спорттық ойын алаңы, жастарға арналған сауықтыру орындары, веложол мен жаяу жүргіншілер жолы бар. Саябақтың ішімен арнайы қазылған бетонды каналдың ұзындығы 2 шақырымнан асады. Сонымен бірге, барлығын қосқанда 25 шақырымға жуық аяқсу каналдары тартылып, 20 мың түп тал мен 60 мың гүл көшеттері отырғызылмақ. 80-нен астам жұмысшы осында жұмыс істейді. Бүгінде саябақ құрылысының 900 миллионға жуық қаржысы игерілді, – деді «Бақ-Береке 2030» ЖШС атқарушы директоры Қайрат Ерназаров.
Мұнан кейін аймақ басшысы 2013 жылы құрылған 200 орындық автобус паркіне барды. Паркте диспетчерлік және медициналық пункттер, асхана, жүргізушілерге арналған тынығу бөлмелері, газкомпрессорлық бекет, көлік жуу, жөндеу цехтары, автотұрақ бар. 450 адам үш ауысыммен жұмыс істейді.
– Бізде қала аумағында 32 бағыт бар. «Қызылорда автобус паркі» ЖШС теңгеріміндегі 122 автобус 6 қалаішілік бағыттарда қызмет көрсетсе, қалған 26 бағыт 514 жеке тасымалдаушылармен бірлескен келісім-шарт негізінде қызмет көрсетіп келеді. Оның ішінде үлкен сыйымдылықтағы 122 автобус болса, қалғаны орта және кіші сыйымдылықтағы 514 қоғамдық көліктер, – дейді автобус паркінің директоры Нұржан Ахатов.
Облыс әкімі келесі кезекте темір жол вокзалы аумағындағы саябақ пен «Тағзым» алаңында болды. Бұл екеуі де қайта жаңғыртуды қажет ететін нысандар қатарында. Бүгінде екі саябақтың жаңғырту құрылысы бойынша мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізіліп жатқанға ұқсайды.
Облыс басшысы қалалық мәдени және демалыс саябағында да болып, ішкі жұмысының ахуалымен танысты. 3000 келушіге есептелген саябақ қызметін көбіне жалға алушы кәсіпкерлер жандандырып отыр. 1996 жылы жекешеленген саябақ 2008 жылы мемлекет меншігіне қайта берілген болатын. Былтыр қала әкімінің қолдауымен саябақ алдындағы «Сыр батырлары» ескерткіші ауыстырылып, кіреберіс қақпасы қайта жаңғырудан өткен еді.
– Саябақта 93 әртүрлі аттракцион, жазғы кафелер, дүңгіршектер, футбол алаңы мен фотосалон қызметі бар. Кәсіпкерлік қызметпен 78 жеке және заңды тұлға айналысып келеді. Бүгінге дейін парк аумағында бірнеше түп ағаш көшеті отырғызылып, талдарды әктеу, қоқыстарды шығару, бордюрларды сырлау жұмыстары атқарылды. Кәсіпкерлерден бөлек, 32 адам паркте штаттық негізде маусымдық кезеңде жұмыс істейді. Сонымен бірге, биыл негізгі штаттық кестеден бөлек, маусымдық жұмысқа қалалық жұмыспен қамту орталығы арқылы 20-дан астам аттракциондарға қызмет етуші және оған көмекші, билет кассирларын, аула сыпырушы қызметкерлерін жұмысқа тарту жоспарлануда, – дейді саябақ директоры Әнуар Нақыпов.
Айта кету керек, қалалық саябақта «Ана мен бала» бөлмесі, полиция бекеті, медпункт, анықтама бюросы да қосымша ашылған. Алдағы екі жылда мұнда жаңадан 9 аттракцион әкелу жоспарланып отыр.
Облыс әкімі сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев даңғылындағы абаттандыру жұмысын да көрді. Аталған даңғылдың екі жақ бетін Бейбарыс Сұлтан көшесінен Тоқтар Әубәкіров көшесіне дейін абаттандыруды «Асанас-Дар» ЖШС жүргізіп жатыр. Жауапты мердігер бүгінге дейін қарқынды жұмыспен бірқатар су бұрқақтың құрылысын бітіріп, орындықтар мен қоқыс жәшіктерін орналастырып үлгерген. Гүлзарлар отырғызу мен көгалдандыру жұмыстарын да еңсеріп келеді.

Ержан ҚОЖАСОВ,
«Сыр бойы».
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |