Облыс әкімінің құттықтауы

Құрметті қызылордалықтар!


Баршаңызды бірлік пен татулықтың, ырыс пен ынтымақтың мейрамы – 1 Мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! 

Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев “Мәңгілік елдің алтын діңгегі – береке мен бірлік!” деп атап көрсеткен еді.

Бұл ретте, Елбасының бастамасымен құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясы да ел бірлігінің сақталуына зор үлес қосып келеді.

Бірлік күні – сүйікті Отанымызға деген сүйіспеншілік пен қазақстандық патриотизмнің, ауызбіршіліктің жарқын көрінісі. 

Бүгінде басты жетістігіміз этносаралық және конфессияаралық келісім, өзара түсіністік пен сыйластық десек, еліміз әлемге қоғамдық келісімнің ерекше моделін қалыптастырушы мемлекет ретінде танылды. 

Әлемде болып жатқан жағдайларға зерделей қарасақ, бейбіт өмір мен тұрақтылықтың, тыныштықтың қадірі арта түсетіні сөзсіз. 

Дүниежүзінде орын алған қатерлі пандемия бізді де айналып өтпеді. Дәл осындай күрделі кезеңде халқымыздың ауызбіршілігі мен татулығы ауадай қажет.

Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев айтқандай, “Біз – рухы асқақ, бірлігі бекем, еңсесі биік халықпыз. Сондықтан, бұл сынақтан да сүрінбей өтіп, қиындықты бірге еңсереміз” деп атап көрсетті.


Қадірлі жерлестер!


Бірлік пен татулық мерекесі әр отбасына бақ-береке, ырыс-несібе, қуаныш пен шаттық әкелсін!

Еліміз еңселі, Тәуелсіздігіміз тұғырлы, ғұмыры мәңгі болсын!

Сыр елі – талай cында шыңдалды, бұл сынақтан да сүрінбей өтетініне сенімдімін!

Біз Біргеміз! 


Облыс әкімі

Гүлшара Әбдіқалықова.

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 01 мамыр 2020 г. 568 0