« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Қызылорда облысы бойынша төтенше жағдайға байланысты енгізілген шектеу шараларын кезең-кезеңмен жеңілдету жоспарына сәйкес, 29 сәуірден бастап келесі кәсіпорындардың жұмысына рұқсат етілді:
Карантиндік режим бірінші кезекте өнеркәсіп және кіші, орта бизнес, құрылыс, тұрғын-үй және коммуналдық шаруашылық, сондай-ақ көлік салалары үшін жеңілдетіледі.
Өнеркәсіп саласы
1339 адам жұмыс жасайтын құрылыс индустриясындағы 43 кәсіпорын.
Кіші және орта бизнес саласы
Сақтандыру, нотариалдық қызметтер бойынша 521 кәсіпкерлік субъектісі, шамамен 960 жұмыс орны.
Жеке медициналық қызмет көрсету (ЛОР, стоматология, офтальмология, ультрадыбысты зерттеулер, МРТ, КТ, зертханалар, гинекология, урология), көзілдірік сататын дүкендер бойынша
348 кәсіпкерлік субъектісі, шамамен 1520 жұмыс орны.
Автокөлікті техникалық тексеру мен қызмет көрсету станциялары, көлік жуу, желімдеу қызметтері бойынша 1011 кәсіпкерлік субъектісі, шамамен 3850 жұмыс орны.
Шаштараз қызметі бойынша 292 кәсіпкерлік субъектісі, шамамен 780 жұмыс орны.
Аяқ киім жөндеу қызметі бойынша 43 кәсіпкерлік субъектісі, шамамен 50 жұмыс орны.
«Тұтынушыға дейін жеткізу» қағидаты бойынша электроника және тұрмыстық техника сататын сауда үйлерінің қызметі және оларды жөндеу бойынша 32 нысан, шамамен 255 жұмыс орны.
Курьерлік қызметтер бойынша 34 кәсіпкерлік субъектісі, шамамен 61 жұмыс орны қайта қалпына келтіріледі.
Барлығы сала бойынша 7476 адам қамтылған 2281 кәсіпкерлік субъекті.
Көлік және жол саласы
Уақыты шектеумен қалаішілік автобус бағыттары іске қосылады («Қызылорда автобус паркі» ЖШС 636 адам).
«Нұрлы жол», «Ауыл-ел бесігі» бағдарламалары аясында, республикалық және жергілікті бюджет қаражаты есебінен жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын жөндеу жұмыстарын жүргізетін мердігерлер (5 ұйым бойынша 203 адам).
Барлығы сала бойынша 839 адам қамтылған 6 ұйым.
Құрылыс саласы
1300 адам қамтылған 52 жоба. Оның ішінде: білім беру - 7, спорт – 1, мәдениет – 1, денсаулық сақтау – 3, қоғамдық тәртіп – 1, әкімшілік ғимараттар – 3, тұрғын үй құрылысы – 18, инженерлік инфрақұрылым – 9, мал қорымдары - 8, «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасы шеңберінде инфрақұрылым нысандары – 1.
Энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық саласы
Құрылысы уақытша тоқтатылған мемлекеттік бюджет есебінен іске асырылып жатқан 10 (газбен жабдықтау - 4; электрмен жабдықтау - 2; сумен жабдықтау - 2; абаттандыру - 2) жобаны қайта жандандыру (400 адам қамтылған) жүргізіледі.
Сонымен қатар, «Қызылордажылуэлектрорталығы» МКК арқылы жылу маусымына дайындық аясында Қызылорда қаласының негізгі және қосымша құрылғыларының күрделі және ағымдық жөндеуі жүргізіледі (480 адам қамтылады).
«ҚЭТТК» АҚ-мен электрмен қамту жүйелерін, келесі жылу маусымына дайындық аясында негізгі және қосымша құрылғыларының күрделі және ағымдық жөндеуі жүргізіледі (250 адам қамтылады).
«Қызылорда Су жүйесі» МКК сумен қамту және су бұру жүйелерін, келесі жылу маусымына дайындық аясында негізгі және қосымша құрылғыларының күрделі және ағымдық жөндеуі жүргізіледі (150 адам).
ОДСП «Арал» мекемесі сумен қамту және су бұру жүйелерін, келесі жылу маусымына дайындық аясында негізгі және қосымша құрылғыларының күрделі және ағымдық жөндеуі жүргізіледі (1220 адам).
Барлығы сала бойынша 2500 адам қамтылған 4 кәсіпорын, 10 жоба.
Ауылшаруашылығы саласы
Карантиндік режим бірінші кезекте ауылшаруашылығы құрылымдарына көктемгі егін жұмыстарын жүргізу барысында төменде көрсетілген ұйымдар қызметін пайдалану үшін жеңілдетіледі:
- ауылшарушылық техникасы мен оған қосалқы бөлшектерін сататын жеке және заңды тұлғалар.
- ауылшарушылық техникасына сервистік қызмет көрсететін ұйымдар.
- дақыл тұқымдары мен көшеттерін сататын жеке және заңды тұлғалар (Қызылорда қаласы мен аудан әкімдерінің белгілеген орындарында).
Барлығы сала бойынша 119 адамы бар 50 ұйым тартылады.
Жалпы бірінші кезең бойынша: 13573 адам, 2384 ұйым.
Екінші кезеңде 4 мамырдан бастап төтенше жағдай алынғанға дейін
Келесі кәсіпорындардың қызметіне рұқсат етіледі:
Карантиндік режим бірінші кезекте өнеркәсіп, кіші және орта бизнес, көлік салалары үшін жеңілдетіледі.
Өнеркәсіп саласы
2020-2025 жылдарға арналған ҚР индустриялық-инновациялық дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде инвестициялық жобаларды іске асыруды көздейтін және бағдарлама аясында іске қосылған 2043 адамды жұмыспен қамтитын 14 кәсіпорын.
Кіші және орта бизнес саласы
Көлемі 500 шаршы метрден асатын құрылыс, сантехника және көлік құралдарына қосалқы бөлшектер сататын 303 сауда орны, шамамен 1051 жұмыс орны.
Көлік салондары 7 кәсіпкерлік субъектісі, шамамен 97 жұмыс орны.
Баспа қызметі 503 кәсіпкерлік субъектісі, шамамен 605 жұмыс орны.
Өртке қарсы және күзет құрылғыларына сервистік қызмет көрсету 565 кәсіпкерлік субъектісі, шамамен 605 жұмыс орны.
Тігін шеберханалары 1431 кәсіпкерлік субъектісі, шамамен 1780 жұмыс орны.
Барлығы сала бойынша 4138 адам қамтылған 2809 кәсіпкерлік субъекті.
Көлік және жол саласы
Жаңақорған және Шиелі кенттерін қоспағанда уақыты шектеумен кентішілік автобус бағыттары іске қосылады (42 компания, 757 адам).
«Жұмыспен қамтудың 2020 – 2021 жылдарға арналған жол картасы», «Нұрлы жол», «Ауыл-ел бесігі» бағдарламалары аясында, республикалық және жергілікті бюджет қаражаты есебінен жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын жөндеу жұмыстарын жүргізетін мердігер, сондай-ақ авторлық және техникалық қадағалау ұйымдары (6 ұйым бойынша 897 адам).
Барлығы сала бойынша 1654 адам қамтылған 48 ұйым.
Құрылыс саласы
2100 адам қамтылған 55 жоба. Оның ішінде: білім беру - 7, спорт – 13, мәдениет – 6, денсаулық сақтау – 1, қоғамдық тәртіп – 3, тұрғын үй құрылысы – 14, инженерлік инфрақұрылым – 10, «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасы шеңберінде инфрақұрылым нысандары – 1.
Энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық саласы
«Жұмыспен қамтудың 2020 жылға арналған жол картасы», «Нұрлы жер», «Бизнестің жол картасы 2020», «Ауыл-ел бесігі» бағдарламалары аясында, мемлекеттік жекешелік әріптестік, республикалық және жергілікті бюджет қаражаты есебінен электрмен және жылумен қамту жүйелерін қайта жаңғырту, сумен қамту және суды бұру инфрақұрылымдық, әлеуметтік нысандарды табиғи газға ауыстыру жобаларын мердігер ұйымдары жүзеге асырады.
Оның ішінде: газбен жабдықтау – 3 жоба, 114 адам қамтылады; электрмен жабдықтау – 3 жоба, 147 адам қамтылады; сумен жабдықтау және суды бұру – 27 жоба, 260 адам қамтылады; жылумен жабдықтау – 21 жоба, 632 адам қамтылады; абаттандыру – 56 жоба, 861 адам қамтылады.
Сонымен қатар, «Қызылордажылуэлектрорталығы» МКК арқылы жылу маусымына дайындық аясында Қызылорда қаласының негізгі және қосымша құрылғыларының күрделі және ағымдық жөндеу жұмыстарына қосымша 70 адам тартылады.
«ҚЭТТК» АҚ-мен электрмен қамту жүйелерін, келесі жылу маусымына дайындық аясында негізгі және қосымша құрылғыларының күрделі және ағымдық жөндеу жұмыстарына қосымша 530 адам тартылады.
«Қызылорда Су жүйесі» МКК сумен қамту және су бұру жүйелерін, келесі жылу маусымына дайындық аясында негізгі және қосымша құрылғыларының күрделі және ағымдық жөндеу жұмыстарына қосымша 250 адам тартылады.
ОДСП «Арал» мекемесі сумен қамту және су бұру жүйелерін, келесі жылу маусымына дайындық аясында негізгі және қосымша құрылғыларының күрделі және ағымдық жөндеу жұмыстарына қосымша 96 адам тартылады.
Барлығы сала бойынша 2014 адам қамтылған 112 жоба, бірінші кезеңде іске қосылған 4 ұйымға қосымша 946 адам тартылады.
Жалпы екінші кезең бойынша: 12895 адам, 2935 ұйым.
Төтенше жағдайлардың алдын алу
және оларды жою жөніндегі
облыстық комиссия
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |