« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде қаралған мәселелердің бірі – сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары. Аймақ басшысы жемқорлықпен күрес – жауапкершілігі зор міндет және ол формальды түрде жүргізілмеуі тиіс екенін айтты.
«Облыстық басқарма басшылары мен аудан, қала әкімдеріне қатаң ескертемін. Өздері басқаратын ұжымда жемқорлық сипатындағы кез келген әрекетке жол берген бірінші басшылардың мәселесін жеке қарайтын боламын, - деді Г.Әбдіқалықова.
Жиында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облысы бойынша департаментінің басшысы Ардақ Ерсейітов айтқанай, тәуелсіз ел тарихында тұңғыш рет басшылардың қол астындағы қызметкерлері үшін жауапкершілігі заңмен бекітілді.
Мамыр айындағы мерекелік шараларды атап өтуді ұйымдастыру туралы облыс әкімінің орынбасары Серік Ахмет баяндама жасады. Ол Қазақстан халқының бірлігі және Отан қорғаушылар күні, Ұлы Жеңістің 75 жылдығы сияқты атаулы күндерде ешкім назардан тыс қалмауы үшін жұмыс жасалатынын айтты.
Жеңіс мерекесіне арналған «Жасампаз жасақ» жобасы онлайн форматындағы акциясымен басталды. Бүгінде облыста 16 соғыс ардагері, 49 соғыс жесірі, 4269 тыл ардагері бар. Соғыс ардагерлері мен оларға теңестірілген азаматтарға біржолғы материалдық көмек көрсетуге облыстық және аудандық бюджеттен барлығы 454,8 млн теңге бөлінген. ҰОС ардагерлеріне 1 млн 111 мың теңге әлеуметтік төлем жасалады.
Қазақстан халқының бірлігі және Отан қорғаушылар күні, Ұлы Жеңістің 75 жылдығы мерекелеріне арналған шаралар Youtube платформасында іске қосылған «Сыр Бірлігі» каналында онлайн көрсетіледі және әлеуметтік желілер мен интернет ресурстарда #Syrbirligi, #1mamyr #Bizbirgemiz хэштегтерімен ақпараттандырылады.
Сонымен қатар, мәжілісте өңір басшысы Қызылорда облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментінің жаңа бастығын таныстырды. Ішкі істер министрінің бұйрығымен облыс бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы қызметіне Есенкелдиев Шаймерден Тәжіқұлұлы тағайындалды.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |