« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
"Сыр өңірінде 95 мың азамат шағын және орта бизнес саласында еңбек етеді. Бұл - экономикалық белсенді халықтың үштен бір бөлігі. Қазір оларда қиын кезең. Коронавирус шеберхана, базар, цех және салондардың жұмысын тоқтатты. Сондықтан кәсіпкерлердің көбін салықтық және несиелік қарызды өтеу мәселесі алаңдатады.
Осы ретте, 1 сәуірден 1 қазанға дейін көптеген ШОБ субъектілерінің салық және басқа да төлемдерден босатылғанын атап кету керек. Мұндай жеңілдікке сауда-саттықтың кей түрлері, көлік қызметі, туризм, ТҚС және тағы басқа кәсіп иелері иек арта алады. Қазір салық төлеу 3 ай мерзімге тоқтатылды. Кейін Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия карантин жағдайына байланысты нысандар тізімін жасақтайды.
Бүгінгі күнге дейін Қармақшыдағы жиһаз цехы (Елубаев ЖК), Шиелідегі техникалық қызмет көрсету станциясы (Игілік ЖК) сынды 1600-ден астам ШОБ құрылымы несие төлеу мерзімін кейінге шегеру туралы өтінім берген. 1400 өтінімге банктер тарапынан келісім берілді. Алдағы уақытта бұл жұмыс жалғасатын болады.
Аймақта карантин режиміне қарамастан, өндірісті тоқтатпай келе жатқан кәсіпорындар бар. Бірқатары бизнесін қайта бейіндеді. Бұған дейін көйлек немесе арнайы киім тіксе, ал қазір бетперде және қорғаныш костюмін де шығарады. Осындай "Dalatex", "Ас-Ка" және "ПромКоммерцКА" сынды 33 фабрика халыққа ең қажетті заттардың тапшылығын жойды. Яғни, бизнес те мемлекетке қолдау көрсетіп келеді.
Біз бүгін ертеңгі күнге қарап отырмыз. Ал ертең экономиканы қайта қалпына келтіру міндеті тұр. Таяуда Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың төрағалығымен өткен Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы осы мәселеге арналды. Қызылорда облысының әкімдігі де дағдарыстан кейінгі жоспарын дайындады. Ал бұл - оқшаулау шараларын кезең-кезеңімен жеңілдету жөніндегі жоспар. Сол арқылы көп ұзамай үйреншікті өмірге қайта оралатын боламыз.
Әлемдегі барша медицина қызметкері бізді "Covid-19" вирусынан қорғап жүр. Вирусологтар болса, коронавируске қарсы екпе шығады деп сендіруде және солай болары сөзсіз. Карантин режимінде өмір сүріп жүргенімізге 1 айға жуықтады. Мұндай қатаң тәртіптен халық шаршады. Бірақ, әлі де шыдау керек. Көбі кетіп, азы қалды. Содан кейін экономика да қайта қалпына келеді. Барлығы жақсы болады.
Біз біргеміз!" - делінген онда.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |