«Аймақ басшысының қолдауы бізді жігерлендірді»

Қазір дәрігерлер қауымы әлемді жайлаған індетпен күресте  қауырт жұмыс ғана емес, сонымен бірге қауіп пен қатерге толы күндерді бастан өткеруде.  Мен облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында 2017 жылдан бері дәрігер инфекционист болып еңбек етемін. Наурыз айынан бастап коронавирус инфекциясының алдын алу мен емдеу мақсатында жұмыла жұмыс істеудеміз.

Жалпы біздің мамандық түрлі жұқпалы аурулармен тікелей күресетіндіктен, кез келген жағдайға дайын болуымыз керек. Сондықтан еш уақытта қорықпай, қызметімізді адал атқаруға күш саламыз. 

Дәрігерлер қауымына Мем­лекет басшысынан бас­тап, облыс әкімі, облыстық денсаулық сақ­тау бас­қар­масы, аурухана бас­шы­лығы тарапынан қолдау көрсетіліп жатқаны белгілі. Президент қауіпті дертпен күресте ақ халаттылар еңбекақысына қосымша үстеме төлем беруді тапсырды. Қазірде менің әріптестерім үстемақыларын алды да. Әсіресе, облыс әкімі Гүлшара  Әбдіқалықованың медицина қызметкерлерінің жағдайына жіті көңіл бөліп отырғаны қуантады. Өткенде ғана ол кісі бізбен телефон арқылы байланысып, жағдайымызды, көңіл күйімізді сұрады және бізбен бірге екенін айтты. Алдағы уақытта қандай да бір қажеттіліктеріміз болса, қандай да бір мәселе туындаса, өзіне хабарласуға болатынын жеткізді. Аймақ басшысының  мұн­дай қол­дауы, ақ ха­лат­тыларға деген сенімі бізді жігер­лендіргені сөзсіз. Сондықтан ол кісіге алғыс айтамын. Қиындықты бірге жеңеміз.



Жадыра ЗИНАБДИНОВА,

 облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының дәрігер инфекционисі.

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 23 сәуір 2020 г. 577 0