ТӘУЛІК БОЙЫ ТҰТҚАДА немесе call орталықтың қарбалас қызметі

– Алло, сәлеметсіз бе, «400-100» сall орталығы» сізді тыңдап тұр. Бұл кезде телефонның ар жағынан әйел адамның даусы естіледі.

– Түсінікті, апай. Жеке куәлігіңіз жаныңызда ма? Бізге ЖСН нөміріңіз қажет. Телефон шалушы бес-алты секундтан соң оператор сұраған мәліметті жылдам айта бастады.

– 7506... Кешіріңіз, сіз бұл тізімде жоқсыз. Жарайды, сау болыңыз. Телефон сыртындағы да сыпайы қоштасты. Сұхбат осылайша тез аяқталған еді...

Бұл – облыстық жедел штаб жанынан құрылған «400-100» сall орталығындағы тынымсыз жұмыстың бір көрінісі. Мұнда 24 сағат бойы кезекшілікпен түрлі сала мамандары үздіксіз соғылған телефонға жауап беріп отыр. Тоқтаусыз қоңыраулар арасында 2-3 минутын бөлген оператор  орталықтың жұмысын қысқаша айтып берді.

– Мысалы, бір күнде 1000-ға жуық сұрақ түседі. Оның көбісі әлеуметтік төлемдерге қатысты. Өзіңіз де білетіндей, бұлар 42 500 теңге, «Nur Otan» партиясы арқылы төленетін «Біз біргеміз» акциясы бойынша 50 мың теңге аясындағы сұрақтар. Сондай-ақ, қала сырты мен ішіндегі бақылау-өткізу бекеттеріне қатысты тіркелу туралы сұрақтар жетерлік. Бұдан басқа, кәсіпкерлік, тағы басқа салалар бойынша сұрақтар болады. Екі күннен бері коммуналдық төлем, 15 мың теңге маңайындағы сұрақ қоюшылар көбейді.

– Мысалы, бір күнде 1000-ға жуық сұрақтар түседі. Оның көбісі әлеуметтік төлемдерге қатысты. Өзіңіз де білетіндей, бұлар – 42500 теңге, «Nur Otan» партиясы арқылы төленетін «Біз біргеміз» акциясы бо­йынша 50 мың теңге аясындағы сұрақтар. Сондай-ақ, қала сырты мен ішіндегі бақылау-өткізу бекеттеріне қатысты тіркелу туралы сұрақтар жетерлік. Бұдан басқа, кәсіпкерлік, тағы басқа салалар бойынша сұрақтар болады. Екі күннен бері коммуналдық төлем, 15 мың теңге маңайындағы сұрақ қоюшылар көбейді.

– Әлгінде ғана сізге қоңырау шалған кісі қандай мәселе айтты?

– Ол қала тұрғыны. «Біз біргеміз» акциясы аясында 50 мың теңге алатындардың тізімінде өзінің аты-жөні бар немесе жоқ екендігін сұрады. Куәлігінің ЖСН сұрағаным да сол. Өйткені, біздің базада ол көмекті алатындардың барлық тізімі көрсетілген, – деді Әйгерім есімді оператор.

Мәліметке сүйенсек, 1-ші сәуірден бастап орталыққа барлығы 12331 қоңырау түсіпті. Оның 86 проценті әлеуметтік төлемдерге қа­тысты да, (42500 теңге, «Nur Otan» партиясы арқылы төленетін 50 мың теңге), 6,8 проценті бақылау-өткізу бекеттеріндегі түсінбестіктен туындайтын сияқты. Мысалы, қала ішіндегі көлік қозғалысы, оның арнайы есепке алынуы, қандай көліктер жүре алады деген сауалдар жиі қойылуда. Ал қалғаны сауда-саттық, кәсіп­керлік саласы мен өзге де сұрақтар екені белгілі.

Сондай-ақ, орталыққа кө­мек ретінде, әрі тұрғындарға тиімді болу үшін ішкі саясат басқармасының Facebook әлеуметтік желісіндегі «Naqty Aqparat» парақшасы жанынан Whatsapp мес­сенджері арқылы байланыс телефоны (87051435131) ұйым­дас­тырылған. Бұл нө­мірге де сәуірден бері 994  сұрақ келіп түскен. Барлығына да сала мамандарымен тиісті жауабы беріліп  отырған.

Орталық 24 сағат бойы кезекшілікпен жұмыс іс­тейді дедік қой. Осы ретте тұр­ғындар тарапынан телефонды алу қиын, желі бос емес деген реніш-түсініспеушілік туындап жататыны белгілі. «Бізде тәулігіне 1000-ға жуық сұрақтар түседі. Сондықтан тұрғындардың барлығына, қарбалас сәттерде қоңыраулар бірінен кейін бірі түсіп жатқан уақытта жауап беру мүмкіндігіміз болмай жатады. Мәселен, 1 минутта 10 қоңырау қатар түсетіні бар. Осындай жағдайға байланыс­ты тұрғындарға қайта-қайта қоңырау шалу қажет екендігін ескерте кеткіміз келеді» дейді орталық мамандары.

Жалпы бүгінде, аймақ бо­йынша облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес 10 жұмысшы топ жұмыс істейтіні белгілі. Бұл – Covid-19 коронавирус инфекциясының таралуына байланысты жүйелі түрде атқарылып жатқан шаралар. Соның бірі – бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс жасау тобы. Мұны айтып отырған себебіміз де бар. Өйткені, БАҚ арқылы індет тарағалы кейбір жалғандықтың жаршысы болғандардың жолын кесу, халыққа ресми, шыншыл ақпаратты ұсынуда жергілікті журналистердің еңбегі зор. Аталған топтың жұмысын облыстық ішкі саясат басқармасы үйлестіруде.

Айта кету керек, карантин басталғалы аймақ халқына қатысты қабылданған шаралар мен шектеулерді уақытылы ақпараттандыру мақсатында телеарна, газеттер мен интернет сайттар және ақпараттық порталдармен тығыз тұрақты байланыс орнатылған. БАҚ-та жұмыс тобы құрылған сәттен бастап, яғни 1 сәуірден бері қарай  барлығы 2 804 мате­риал жарияланыпты. Жер­гілікті теле­арналарда арнайы әзір­ленген 73 бейнеролик көр­сетілген.

Сондай-ақ, бұған қосымша облыстық kyzylorda-news.kz  сайтынан арнайы "Covid-19" медиа блогы және 400-100.kz сайты іске қосылғаны да белгілі. Мұнда барлық ресми ақпараттар жинақталған.

– Өздеріңіз білесіздер, қа­зіргі кезде әлеуметтік желідегі белсенді жұмыстар арқылы да тұрғындар арасын жедел ақпараттандыруға мол мүмкіндік бар. Сондықтан, біздің басқарма мен өңірлік коммуникациялар қызметі арқылы арнайы сұхбаттар, ақпараттық контенттер, видеоматериалдар мен баннерлер, инфографикалар әзір­ленген. Олар облыстық бас­қармалардың, қала және аудан әкімдіктерінің ресми парақшаларында, аймақ тұр­ғындары көп тіркелген «Facebook», «Instagram» әлеу­меттік желілеріндегі танымал топтарда да жарияланып келеді. Сондай-ақ, өңір­лік коммуникациялар қыз­метінің баспасөз алаңында 70 брифинг ұйымдастырылды. Қа­лыптасқан жағдайға байланысты күнделікті облыстық «Qyzylorda» ­телеарнасында облыс әкімінің орынбасары және облыстық ден­саулық сақтау басқармасы бас­шысының  қатысуымен күніне екі мәрте брифинг өткізілуде, – деді онлайн брифинг берген облыстық ішкі саясат басқармасы басшының міндетін атқарушы Е.Әбішев.


Ержан ҚОЖАС,
"Сыр бойы".
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 23 сәуір 2020 г. 766 0