Covid-19: Облыста 24 науқас инфекциядан жазылып шықты

19.04.2020 ж. күн бойынша аймағымызда коронавирус індетінен тағы 3 науқас емделіп шықты.
Емделушілердің емі толық аяқталған соң, 2 рет тест сынамасы алынды. Сынама нәтижесі теріс көрсеткіш көрсетуіне орай, яғни науқастар "Covid-19" вирусынан айығуына байланысты ауруханадан үйлеріне қайтарылды.
Індетті жеңген 3 науқастың 1-уі Шиелі ауданының, 2-уі Жаңақорған ауданының тұрғыны.
Емделушілер алдағы уақытта 14 күн бойы аймақтық дәрігерлер бақылауында болады.
Айта кетейік, облысымызда бұған дейін 21 науқас "Covid-19" індетінен айыққан болатын. Қазіргі таңда аймағымызда барлығы 24 науқас коронавирус инфекциясынан жазылып шыққан.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 19 сәуір 2020 г. 578 0