«Індетті өсіретін де, өшіретін де өзіміз»

Бүгінгі таңда еліміз, бүкіл әлем қауымдастығы қиын-қыстау кезеңді бастан өткеріп отыр. Әлемнің 180-нен астам мемлекетіне қатар жайылып, 1,4 миллионнан астам адам жұқтырған індет салдарынан жаһандық экономика адамзат тарихы көрмеген күйзеліске душар болды. Осындай сын - қатерлі кезеңде қоғамның ауыз бірлігі, ынтымағы, сондай-ақ қатаң тәртіпті сақтауы, дағдарыстан жедел әрі тиімді шығудың басты факторларына айналды.

Сондықтан қазіргі таңда ең бастысы – еліміздің тұтастығын сақтап, түрлі аран­датушылыққа алданбай, мемлекет жүзеге асырып жатқан бағыт аясында жұмылу.

Тұңғыш Президент – Елбасы Н.Назарбаев «Бірлесе білген ел бәрін жеңеді» атты мақаласында (8 сәуір 2020 ж). елдің кемел келешегін көздеген келелі ойлармен бөлісіп, халықты бірлікке шақырды.

Коронавирус індеті Адамзатқа қау­іп төндіре бастады. Өркениетті алып мемлекеттер жанталаса осы індет­пен күресуде. АҚШ, Италия, Фран­ция, Германия мемлекеттері қыруар қаржы бөліп, тосыннан келген індетпен кү­ресіп жатыр.

Қытайдан басталған індет Қа­зақстан­ға да келіп жеткен болатын. Пре­зидент Қ.Тоқаев осы індетке қарсы қа­таң шаралар қабылдады. Үкіметке арнайы тапсырмалар берілді. Бүгінде Қазақстанның біраз қалалары біртін-біртін карантинге жабылып жатыр.

«Айта кеткен жөн болар АҚШ және Еуропа елдеріндегі жағдай – ко­ронавируспен күрес барысында жі­берілген қателігі. Сонымен қатар еу­ропалықтардың табиғи ынты­мақ-бір­лікке психологиясының бейім­делмеуі» – дейді ДДҰ-ның бұрынғы қызметкері Тикки Пангету. Осыған дәлел Қытай, Оңтүстік Корея, Син­гапур елдеріндегі денсаулық сақ­тау мамандары дерттің алдын алу­дың жолы оны анықтайтын жаппай экспресс тестілеу (анализ) жүйе­сін енгізудің арқасында індет таралуы тежелді. Қазір бұл елдерде дерттің беті қайта бастады.

Тағы бір тәсілдері вирус жұқтыру ықтималдылығы басым нүктелерге сырттай бақылау қойылған.

Індетке қарсы атқарылып жатқан жұмыс аз емес. Бірақ індет неге өршіп барады?

Сыр өңірінде алғашқы вирус белгісі 28 наурызда байқалған бола­тын. Ертесіне індет жұқтырған тағы бір адам анықталды. Дертке ілінген науқастардың саны бесеуге жеткенде облыс әкімдігі індеттің таралып кетпеуі үшін шұғыл шаралар бекіткен болатын.

Бірақ ескертулерді елемегендердің кесірінен індет іргесін кеңейте бас­тады. 7 сәуір күні қабылданған қау­лы бойынша карантиндік шаралар күшейтіліп, кейбір шектеулер тала­бы қатая түсті. Облыс ау­мағына 35 тосқауыл бекеті қо­йыл­ды. Дегенмен, 2-3 күн ішінде осы бекеттерде төтенше жағдай тәртібін бұзған 200-ден ас­там оқиға анық­талды. Бұл біздің аза­мат­тардың әлі де ескертуді елемеуі, тәртіп бұзғанын көрсетеді.

Облыста көңілге медет болатын жағдай жоқ емес.

Дүниені дүрліктірген індет, адам­затқа өмірдің, әсіресе денсау­лықтың қадірін, сонымен бір мезгілде адам өмірін денсаулықты сақтайтын  меди­цина саласын дамытудың аса маңыз­дылығын ұқтырған секілді.

Жасыратыны жоқ, біз халыққа сапалы медициналық көмек көрсетуде өркениетті елдерден артта қалып келеміз. Қазақстанда денсаулық сақ­тау саласы даңғыл жолға түсіп, дамып кете алмай жатыр. Бұған елдің жалпы денсаулыққа деген көзқарасы, саяси шешімдері мен даму стратегиялары тікелей әсер ететіні белгілі жайт болса керек.

Мәселен, Қазақстанда дү­ние­­жү­зілік денсаулық сақтау жетіс­тік­терімен қатар тұратын талапқа сай екі орталық бар. Кардиохирургиялық және ней­рохирургиялық. Аз кө­лемде болса да, науқасқа са­палы көмек көрсетіп келеді.

Ал керісінше, жалпы халыққа не­месе мыңдаған, миллиондаған түрлі науқастарға көрсетіліп жатқан жағдай мәз емес. Емханалар мен ауруханалар талапқа сай ма? Негізгі мәселе осында. Оларды қаржыландыру не­ме­се тиісті медициналық құралдар мен жабдықтар мәселелері тереңде жа­тыр. Науқастарды емдеуге шектеу қо­йылған.

Осыған орай «Халық денсаулығы туралы Кодекс» қабылдану керек болатын. Бұл Кодекстің нұсқасында көңілден шыға қоймайтын жерлері жеткілікті.

Бүгінгі таңда бізге мәлім болған Жер жүзінде 8 түрлі қатерлі вирус бар. Бұдан да көп болуы мүмкін. Ал коронавирус – «COVID-19» деп Дүние­жүзілік денсаулық сақтау ұйы­мының қойған аты. Әр вирустың шығу жол­дары әртүрлі және анықталған вак­цинасы емі табылған. «COVID-19»-ға келсек, бұл да таби­ғатта бар ви­рустың бір түрі, дегенде шығу жолы анықталғанымен, жұғу әдісі (тербелісі) құпия жағдайда. «COVID-19»-дың бар болуының бір жолы табиғи жағдайда болса, екінші жолы қолдан жасалынған вирус болуы да ықтимал. Дүниежүзі ғалым­дары әртүрлі болжамдар айтып та, жазып та жатыр. Оның ішінде маман вирусологтар да бар.

Дегенде, мен Сіздерге Мәскеу қаласындағы Ресей халықаралық дос­тық университетінің ғалымдарына сіл­теме жасап, төмендегі жағдайды мәлімдеуді жөн көрдім.

Вирустың барлық түрлері таби­ғатында төменгі тербелісте (вибрация) 5,5-14,5 Гц аралығында ғана коршаған шеңберде жүреді. «COVID-19» осы шамада. Ал адамдар жоғары теңселісте 27,4 Гц болғандықтан, вирустың әсері жоқ деуге болады. Сондықтан адамдарға жұғу қаупі болмайды. Не болмаса, жеңіл түрде тұмау есебінде қабылданып жатады. Сіз оны білмей де қалуыңыз мүмкін. Ал, кей жерлерде тербеліс (резонанс) күші төмен, яғни лас ауада, метрода, түрмелерде, қо­ғам­дық көліктерде, үлкен сауда меке­ме­лерінде, мектеп­терде, көпшілік жи­налған жерлерде күші 20 Гц-ге тө­мендейді және адамдардың арақа­тынасы жиі болған жағдайда вирустың жаны кіреді, тез тарала бастайды. Сондықтан, бұл жерлер қауіпті болып саналады.

Жер бетінде жиілік тербелісі орта есеппен 25,5 Гц-дан жоғары болып есептеледі.

Қазір дүниежүзі мамандары болып «COVID-19»-ды тоқтату жолдарын іздестіріп жатқан жағдайлары бар. Әр жерде коронавирустың типтік өзгерістері кездесіп жатқаны мәлім болды. Осыған байланысты әлі ортақ шешім жоқ. Өлім шығыны әр жерде әртүрлі. Сұрақ көп, нақты жауап жоқ.

Менің Сіздерге дәрігер ретінде мәлімдеп отырғаным: жоғарыда ай­тылған Ресей ғалымдарының бол­жамы көңілге қонатын сияқты. Өйт­кені, олар адам денесінің құра­мына сүйеніп (физиологиясы), таби­ғатпен байланысты екенін дәлел­деп отыр. Сон­дықтан мен осы бол­­­жамның дұрыс­тығына көзім жеткен сияқты. Басқа да айтылып жат­­қан болжамдарды жоққа шығара ал­маймын. Бәрі де мүмкін.

Құрметті жерлестер!

Біз індеттің шарықтау шегін әлі өткізген жоқпыз. Қазір бұл жағдай қашық және қалай аяқталатынын ешкім болжай алмайды. Індетті өсіретін де, өшіретін де – мен, сен, анау, бәріміз, араша болатын да өзіміз. Сондықтан бізге сақтану шараларын біркісідей орындап, оқшауланудан басқа жол жоқ. Дәрігер ретінде қайталап айта­мын, вирус басқа да бактериялар сияқты біздің денемізде бар. Бірақ оның энергиялық қуаты әлсіз, яғни, ғалымдардың айтуы бойынша 5,5-14,5 Гц-ны құрайды. Ал біздің денеміздегі энергиямыз 25 Гц-дан жоғары. Сон­дықтан біз, бұған берілмей жүре береміз. Жоғары өрісте (диапазонда) жұғу қуаты жоқ деген сөз. «Сонда бұл қалай жұғады?» деген сұрақ бар.

Жауап ретінде айтатын болсақ, Сіздің көңіл-күйіңізге көп байланысты. Егер Сіз көңілсіз үрейде, қорқынышта, күйгелек, өкпешіл, ашуланшақ бол­­саңыз, бойыңыздағы тербеліс (виб­рация, теңселіс) қуат төмендейді. Оған қоса созылмалы науқасқа шал­дыққан адам болса, вирустың жұғу қаупі жоғары деген сөз. Ал 65 жастан жоғары адамдардың иммунитетіне тікелей байланысты. Негізінен бұл жас­тағы адамдардың иммунитеттері төмен болады.

Ал көңіл-күйі жоғары, ризашылық танытсаңыз, жүрек қуанышы, жан ашулық, басқаларға бірлік көңілде болсаңыз, вирустан қорқатыны жоқ. Өйткені, Сіздің бойыңыздағы тер­беліс жоғары сатыда. Егер Сіз оқшау­ланбай, оның үстіне сақтану тәртібін бұзып жатсаңыз, кінәлісіз, вирусты өзіңіз шақырып жатырсыз.

Сондықтан, біз тез арада мақ­са­тымызға жету үшін, соған барар жолдағы жоғарыда айтылған кедер­гілерді жоюдан бастауымыз керек.

Ал нақты мәселелерді сол саланың отына кіріп, күлімен шығып жүрген кәсіби маман ғана (вирусологтар, эпидемиологтар) айта алады, біз оларды тыңдауымыз керек.

Қадірлі ағайын!

Мемлекетіміз уақытша қиын­дық­тан шығу үшін, қолдан келгеннің бәрін жасап жатыр және жасайды да. Осынау сын сағатта азаматтарымыз қамқорлықсыз қалмайтындай істер жүзеге асырылып жатыр.

Уақытша қиындыққа берілмей, болаттай бекем, бәріміз бір арнада болып, абыроймен еңсеруге, дағ­да­рысқа қарсы іс-шараларды ширатып сабырлы болуға шақырамын.

Мен бұл кездері алдыңғы шекте өлім мен өмір ортасында күресіп жатқан әріптестеріме «Анттарыңызға адал болыңыздар, абыроймен жеңіп шығуларыңызға сенімдімін» деп айт­қым келеді.

Қадірлі ағайын!

Менің Сіздерге «COVID-19» жөнінде ұсынып отырған парызым. Қазақта «Қайта шапқан жау жаман» деген қағида бар. Бұл індет әркез қайталануы да, созылуы да мүмкін. Сондықтан біз әркез бетін қайтаруға дайын болуымыз керек. Аман-сау болыңыздар!

 

Тұрғанбай МАХАНОВ,

Қазақстанға еңбегі сіңген дәрігер.

17 сәуір 2020 жыл.

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 18 сәуір 2020 г. 409 0