Қызылордада індеттен жазылғандар саны 17 адамға жетті

 Қызылорда облысында тағы 11 адам коронавирустен жазылып шықты. Олардың 5-уі Жаңақорған ауданынан болса, 6-уы Қызылорда қаласында тұрады. Осылайша Қызылорда облысында індеттен жазылып шыққандардың жалпы саны 17 адамға жетті.

«Бүгін, 17 сәуірде олардан дәрісханалық талдау алынды. Зерттеу теріс нәтиже берді. Олардың жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланды. Жазылған азаматтардың барлығы 14 күн бойы үй жағдайында болып, аймақтық емханалардың бақылауына алынады», - деп мәлім етті Қызылорда облысының әкімдігі.

Естеріңізге сала кетсек, Қызылорда облысында бүгінгі күнге дейін COVID-19 жұқпалы індетіне - 143 адам шалдыққан.

Олардың арасынан жазылып шыққаны 17 адамға жетті.


Әділжан Үмбет
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 17 сәуір 2020 г. 509 0