Облыстың бас дәрігері: "Науқастардың көптеп тіркелуінен қорқудың қажеті жоқ"

 Қызылордада соңғы тіркелген 12 науқастың 3-уі - Қызылорда қаласынан, 9-ы - Жаңақорған ауданынан. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің онлайн брифингінде облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Әбдусәметов мәлімдеді.
Олардың 11-і бұрын анықталған науқастармен қарым-қатынаста болған, ал 1 адам Жезқазғаннан вахталық әдіспен істейтін жұмыс орнынан оралған. 
- Науқастардың санынан қорқудың қажеті жоқ. Өйткені біз ауруды белсенді түрде анықтау сатысына көштік. Неғұрлым ерте анықтасақ, соғұрлым ерте емдеп, жазуға болады. Сондықтан жедел респираторлы ауру белгілері байқалған жағдайда кез келген тұрғын дер кезінде дәрігер көмегіне жүгінуі тиіс, - деді ол.

Назерке САНИЯЗОВА.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 17 сәуір 2020 г. 776 0