Қызылорда облысы бойынша тіркелген науқастар қатарында 9 медицина қызметкері бар. Олардың 3-уі дертті жұмыс барысында жұқтырған. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде өңірдің бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Әлия Әбдіқайымова мәлімдеді.
- Анықталған 3 қызметкер кәсіби тұрғыда жұқтырса, қалғандары науқастармен қарым-қатынаста болған. Сала қызметкерлері қанша жерден қорғану талаптарын сақтағанымен жұқтыру жағдайлары болғанын жасыра алмаймыз, - деді ол.
Дегенмен, ақхалаттылардың көмегімен осы күнге дейін 4 емделуші жазылып, үйге шығарылды.
Сб-ақпарат.