Қызылордаға соңғы бір күнде сырттан 15 адам келген

 Соңғы тәулікте өңірге сырттан 15 адам келген. Олардың денсаулық жағдайы бақылауда.
- Шеттен келген осындай азаматтардың жергілікті жердегі медициналық ұйымдарға хабарласуын сұраймыз, - деді өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Әбдусәметов.
Бір жақсысы, соңғы күні Қызылордада СОVID-19 короновирусы инфекциясымен тіркелгендер жоқ.  Әзірге науқастар саны - 119. Оның ішінде Қызылорда қаласы - 12, Жаңақорған - 18, Арал - 4, Сырдария - 23, Қармақшы - 4, Шиелі - 57, Қазалы - 1. Олардың жағдайлары қанағаттанарлық, емдік хаттамаға сәйкес емдері жалғасуда.
Кеше алғашқы науқас стационардан шығарылды. Әрі қарай үй жағдайында 14 күн аймақтық емхананың бақылауында болады. Облыс бойынша коронавирус инфекциясы анықталған азаматтармен байланыста болған - 1489 азамат, оның 828-і тікелей қарым-қатынаста, 661-і жанама қарым-қатынаста болғандар. Инфекциялық стационарда - 118, провизорлық стационарда - 43, карантиндік стационарда - 512, барлығы 673 азамат жіті бақылауда.

Сб-ақпарат.


НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 14 сәуір 2020 г. 575 0