Жандарбек Бекшин Шиелі ауданында болды

Еліміздің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті төрағасының орынбасары Жандарбек Бекшин Шиелі ауданында болды.

Шиелі ауданының әкімі Қамбарбек Мүбараков Жандарбек Мұхтарұлына төтенше жағдайға байланысты ауданда атқарылып жатқан жұмыстарды таныстырды.

Сондай-ақ, еЕліміздің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті төрағасының орынбасары Шиелі ауданаралық ауруханасына жатқызылған карантиндік режимдегі азаматтардың қал-жағдайын көріп, коронавирус инфекциясын анықтауға арналған зертханалық құрылғының жұмысын бақылады.

Қазіргі таңда карантинге жабылған Бала би, Қодаманов елді мекендеріне болып, ауылдың тыныс-тіршілігі, нұсқаулыққа сәйкес халықтың санитарлық талапты орындауымен танысып, эпидемиологиялық жағдай мен ұйымдастырылған іс-шаралар барысын талқылады.

Сонымен қатар, блок-посттарға бөлінген №66597 әскери бөлім сарбаздарымен кездесіп, бақылауды күшейтуді тапсырды.

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 12 сәуір 2020 г. 523 0