Қызылорда облысында коронавирустық инфекцияның 1 жағдайы тіркелді

Ауру жұқтырған адам 21 жастағы Шиелі ауданы, Бала би ауылының тұрғыны. Ол коронавирустық инфекциямен ауырған адаммен байланыста болған.

Қазіргі таңда науқастың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес ем қабылдап жатыр.Ауру ошағы дезинфекцияланып, жақын және ықтимал қарым-қатынаста болған тұлғалар анықталуда. Барлығы медициналық бақылауға алынуда. Эпидемиологиялық зерттеу жұмыстары жалғасуда.

12.04.2020 жылғы жағдай бойынша аймақта КВИ бойынша 117 дерек тіркелді.


Қызылорда облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 12 сәуір 2020 г. 895 0