« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
12 сәуірден бастап азық-түлік тауарларын, дәрілік заттарды, медициналық заттарды және басқа да тұрғындардың өмір сүруіне қажетті тауарлар мен қызмет түрлерін, өндірістік және ауылшаруашылығы кәсіпорындарының үздіксіз жұмыс жасауын қамтамасыз етуді, сонымен қатар жергілікті атқарушы органдармен бекітілген тізбелерді қоспағанда, Қызылорда қаласына және аудандарына көліктердің кіруіне және шығуына тыйым салынды. Көлік құралдары бойынша рұқсат «жасыл дәліз» қағидасы бойынша жүзеге асырылады.
Азаматтардың негізсіз тұрғын үйінен шығуына және автокөліктермен жүруіне тыйым салынды, тек төмендегі жағдайларда шығуға рұқсат етіледі:
- дәрілік заттар, азық-түлік қажеттілігін алуға және үй қоқыстарын шығаруға (жақын радиустарда орналасқан), бұл ретте тұлғалардың саны1 адамнан артық болмауы керек;
- медициналық көмек алуға, бұл ретте медициналық көмек алуға барған тұлғалардың саны 3 адамнан артық (автокөлік жүргізуші, науқас, сүйемелдеуші) болмауы тиіс;
- жұмысқа бару жергілікті атқарушы органмен бекітілген тізбеге сәйкес;
- Ішкі қоғамдық көліктің жұмысына үш ауысыммен сағат 06.00 – 09.00, 13.00 – 15.00, 18.00 – 20.00 арылығында рұқсат етілді
- 00.00 сағат 2020 жылғы 12 сәуірден бастап облыс көлеміндегі барлық құрылыс жұмыстары 00.00 сағат 2020 жылғы 22 сәуірге дейін тоқтату тапсырылды
Коронавирусты инфекцияға қарсы күреске жұмылдырылған қызметтерді қоспағанда, меншік түріне қарамастан барлық нысандағы ұйымдардың жұмысын қашықтықтан қызмет көрсету форматына барынша ауыстыру тапсырылды.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |