« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Биыл Қызылорда қаласы аумағында 1 жол құрылысы жүргізіліп, 36 көше орташа жөндеуден өткізіледі. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз хатшысы Балгүл Мәмен хабарлады.
Өткен жылы қала көлеміндегі 30 көшеге жергілікті бюджет қаражаты есебінен орташа және күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, Әл-Фараби мөлтек ауданы бойынша 10 көшеге және Саяхат тұрғын ауданы бойынша 40 көшеге тас жол құрылысы жүргізілді.
Осы бағыттағы жұмыстар биылғы жылы да жалғасын тауып, республикалық және жергілікті бюджет қаражаты есебінен қала аумағында 1 жол құрылысы және 36 көшеге орташа жол жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.
Жергілікті бюджет қаражаты есебінен С.Бейбарыс көшесінен Қызылжарма каналына дейін магистральды жол құрылысының жалғасы және қала тұрғындарынан жол жөндеу мәселесі бойынша келіп түскен өтініштерге сәйкес КБИ, Шанхай, Титов, Гагарин Арай, Әл-Фараби, Қорқыт Ата тұрғын аудандарының көшелері қамтылды.
Қазіргі таңда, Арай ш/а, Алпамыс көшесі, Гагарин тұрғын ауданындағы Гагарин, Бұдабай ақын көшелері және Қашаубаев тұйығы, Сәулет мөлтек ауданындағы Абдоллаев көшелеріне асфальт төсеу жұмыстары аяқталып, Қорқыт Ата тұрғын ауданындағы Тұран көшесіне асфальт төсеу жұмыстары жүргізілуде.
«Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен 109 көшеге жөндеу жұмыстарын жүргізуге қаржы бөлу ұсынылды.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |