Аймақта эпидемиологиялық ахуал күрделі

 Облыс әкімінің орынбасары Н.Байқадамов облыс аумағында қалыптасқан күрделі ахуалға байланысты бүгін өңірлік коммуникация қызметінде брифинг берді. 
Төменде баяндаманың толық нұсқасын назарларыңызға ұсынып отырмыз.

"Ағымдағы жылдың 7 сәуірі күнгі (сағат: 16.00) Қызылорда облысы аумағындағы эпидемиологиялық жағдай өршіп бара жатқанын біліп отырсыздар. Қазіргі таңда облыс аумағында коронавирус инфекциясымен тіркелгендер саны 54 адамды құрап отыр.
Оның ішінде:
Қармақшы ауданы бойынша – 4;
Сырдария ауданы бойынша – 1;
Шиелі ауданы бойынша – 24;
Қызылорда қаласы бойынша – 9;
Жаңақорған ауданы бойынша – 16.
Барлығы облыстық және аудандық жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды.
Науқастармен қатынаста болғандардың бүгінгі күнге анықталған саны – 844 адам. Олардың ішінде тығыз қатынаста болған 344 адам ауруханаға карантинге жатқызылса, 500 адам үйден бақылауға алынған.

Залалсыздандыру жұмыстары туралы

Жалпы облыс бойынша бүгінгі күнге дейін адамдар көп жиналатын орындардың (базарлар, вокзал, автовокзал т.б) жалпы ауданы 1 323 489 м2 құрайтын аумақтарына әскери бөлімдер мен қатар қала, аудан әкімдіктерінің өз  күштерімен залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, індет шыққан ошақтарда ҚР ДСМ «Ұлттық сараптама» орталығының Қызылорда облыстық филиалымен залалсыздандыру жұмыстары жүргізілуде.

Тосқауыл бекеттері бойынша.

Қазіргі таңда Қызылорда қаласына кіреберіс жолдар бойынша
 5 тосқауыл бекеттері қойылды.
1-ші бағыт – Президент саябағы тұсында
2-ші бағыт – «Эдельвейс» саяжайының тұсында
3-ші бағыт – «Қызылорда-Жалағаш» автожолы Қараөзек елді мекені тұсында
4-ші бағыт – «Қызылорда-Жезқазған» автожолы, Абай елді мекені тұсында
5-ші бағыт – «Шиелі-Қызылорда» автожолында
Облыс бойынша Байқоңыр, Қызылорда қалалары мен барлық аудан аумақтарына кіріп-шығу жолдарына 3 санитарлық бақылау және
32 тосқауыл, барлығы 35 бекеттер қойылды.
Аталған тосқауыл және санитарлық бекеттерден өткізу барысында
6 885 автокөлік және 12 306 жолаушы тексерілді.

Төтенше жағдай режимін бұзушылықтар бойынша.

Бүгінгі күнге дейін төтенше жағдай режимін бұзушылықтың 176 фактісі тіркелді. (Оның ішінде кафе, мейрамханаларда - 40, жеке үйлер – 22, дүкен – 41, қонақ үй – 5, компьютерлік –7, басқада бұзушылықтар – 61). Олар бойынша 51-не әкімшілік айыппұл салынса, 58-не әкімшілік қамау шаралары қолданылды.


Қарастырылған қаржы бойынша

Коронавирус инфекциясының таралуына байланысты алдын алу және жою шараларына облыс әкімдігінің қаулысымен облыстық денсаулық сақтау басқармасына 104 млн. теңге қаржы бөлінді.
 Бүгінгі күнге аталған қаржының 13,8 млн. теңгесіне 1 500 литр антисептик, 350 дана төсек жабдығы сатып алынып, залалсыздандыру жұмыстары мен тамақтандыруға 26,3 млн. теңгеге келісім шарт жасалынды.
Сонымен қатар, облыстың төтенше резервінен облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасына қосымша қарастырылған қаржы есебінен
(156 млн. теңге) бүгінгі күнге 40 мың дана бетперде, 270 литр антисептик сатып алынып, әскери бөлімдер мен құқық қорғау органдарына таратылуда.
Сондай-ақ, залалсыздандыру жұмыстарына жұмылдырылатын аумақтық қорғаныс бригадасының жеке құрамын қамтамасыз ету мақсатында 192 кг деохлор, 200 дана қорғаныш киімдері және 50 дана дәрі себу құралдары сатып алынды.
Бұдан басқа, облыстық жергілікті бюджет қаржысынан Қызылорда қаласына 200 млн. теңге, Жаңақорған ауданына 50 млн. теңге бөлініп отыр.
(06.04.2020 ж. №9 қаулы)


Халықтың әлеуметтік қолдауға мұқтаж
топтарына көмек көрсету жұмыстары туралы.

Төтенше жағдай кезінде облыс бойынша 58 463 халықтың жекелеген санаттары азық-түлік және тұрмыстық жиынтығымен қамтамасыз етіледі. Төлемі республикалық бюджет қаражаты есебінен 1 адамға 5 567 теңгеден жалпы сомасы 325,5 млн. теңге көлемінде жүргізіледі. Оның ішінде:
16 586 - АӘК алушылар қатарындағы 6-18 дейінгі балалар.  
Ағымдағы жылдың 6 сәуіріне 11 375 балаға 63,3 млн. теңгеге төленді.  
4 409 - 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға;
21 857 - барлық жастағы 1,2,3 топтағы мүгедектерге;
5 647 -  мүгедек баланың күтімімен айналысатын ата-аналарға;
9 964 – уәкілетті органда тіркелген жұмыссыздарға төленеді.

Бүгінгі күнге «Birgemiz Qyzylorda» аймақтық қоры құрылды. Қор арқылы
6 313 мұқтаж азаматтар азық-түлік пен тұрмыстық жиынтықпен қамтылатын болады. Ағымдағы жылдың 6 сәуіріне 1 475 отбасыға балаға 19,3 млн. теңге төленді.  
Төтенше жағдай кезеңінде жұмыстан айрылу жағдайы бойынша электронды түрде 10 702 адамнан әлеуметтік төлемге (42 500 теңге) өтініш қабылданып,  3509 адамға 149,1 млн. теңге көлемінде төлем төленді.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 07 сәуір 2020 г. 731 0