Қызылорданың қай көшелері дезинфекцияланады?

Қауіпті індеттің таралуы үдей түскен Шиелі ауданына 25 әскери қызметкер жіберілді. Бүгіннен бастап ауру ошақтары, көшелер және жаяу жүргіншілер жолы залалсыздандырылады.

Қызылорда қаласында да кесте бойынша жұмыс жалғасады. 75 әскери қызметкер бүгін келесі мекенжайлар бойынша дезинфекциялық жұмыс жүргізеді. Бұдан бөлек, әр ауданға қоғамдық орындарды залалсыздандыру жөнінде тапсырма берілген.

Қызылорда қаласындағы күшейтілген дезинфекция жұмыстары мына бағыттарда жасалады:

1. Назарбаев даңғылы

Астана даңғылынан бастап

С. Бейбарыс көшесіне дейін

2. Астана даңғылы

Назарбаев даңғылынан бастап

Шоқай көшесіне дейін

3. Шоқай көшесі

С. Бейбарыс көшесінен бастап

Қорқыт Ата көшесіне дейін

4. Мұратбаев көшесі

Демесінов көшесінен бастап

Яссауи көшесіне дейін


НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 07 сәуір 2020 г. 320 0