« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
«Құрманбай ата» шаруа қожалығы Жалағаш ауданының Т.Жүргенов ауылында орналасқан. Шаруашылық облыста бірінші болып немістің Lemken компаниясының нөлдік технологияға негізделген тұқым сепкішін пайдалана бастады. Оның тиімділігін мамандар жоғары бағалап отыр.
– Бір мезетте екі-үш операцияны қатар, дән себу нормасын дәлме-дәл орындайды. Нәтижесінде егін бітік шығады. Қанша дән себілсе, соншасы өседі. Ысырап болмайды, – дейді шаруашылық басшысы Еркін Бекжанов.
Арнайы техника бір күнде 30 гектар жерге тұқым себуге қауқарлы. Қожалық диқандары 370 гектарға жоңышқа егу жұмысын күріш егу басталғанға дейін, бас-аяғы он шақты күнде бітіруді көздеп отыр.
Елдегі күрделенген жағдайға байланысты жарияланған карантин кезінде көктемгі қауырт қимылға ештеңе кедергі келтірмеуі тиіс. Осыны ескерген еңбеккерлер дала төсінде қызу тірлікпен айналысып жүр. Жылдағы қарқынмен биыл да тәуір көрсеткішпен шығу ойда бар. Айталық, былтыр диқандар гектарына 75,5 центнерден Сыр салысын жинады. Жерді лазерьлік агрегатпен тегістеп, қажетті тыңайтқышпен өңдеу сапалы өнімге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Су тапшылығына қатысты болжамды қаперге алған қожалық күріштің орнына жоңышқа, дәндік жүгері мен мал азығы түріндегі дақыл көлемін көбейтуге ықыласты.
Өңір бойынша биылғы егістік көлемі 183,1 мың гектар жерге жоспарланса, соның 88,2 мың гектары – күріш. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, ол сәуірдің 20-нан кейін егіле бастайды. Ал әзірге 21,2 мың гектар аумаққа бидай, арпа, мақсары, жоңышқа орналастырылды. Минералды тыңайтқыш, тұқымдық материал қоры жеткілікті. Көктемгі дала жұмыстары үшін дизель отынының бағасын нарықтағыдан 15 процентке арзандату туралы Президент тапсырмасы шаруашылықтар үшін демеу болғалы тұр. Есептеуге қарағанда сәуір-мамыр айларына бөлінген 10750 тонна сұйық отын литріне 162 теңгеге дейін арзандауы тиіс. Сөйтіп, жергілікті шаруашылық құрылымдары осының есебінен орташа есеппен 170 млн теңгеге дейін үнемдемек.
Назерке САНИЯЗОВА,
«Сыр бойы».
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |