Қызылордада науқастар саны 37-ге жетті

Өңірде күні бүгінге дейін коронавирус инфекциясын жұқтырудың 37 жағдайы тіркелді. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Абдусаметов өңірлік коммуникация қызметінің брифингінде мәлімдеді.
- Олардың алтауы да - Шиелі ауданынан. 4 пен 52 жас аралығындағы азаматтар. Барлығы бұған дейін вирус жұқтырған адамдармен тығыз қарым-қатынаста болған және карантиндік стационарға жатқызылған. Қазіргі таңда жағдайлары қанағаттанарлық, - деді ол. 
Науқастар оқшау орында тиісті емдерін қабылдап жатыр.


НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 06 сәуір 2020 г. 487 0