6 науқас та - Шиеліден

  Қызылорда облысында коронавирус індетін жұқтырған 6 жағдай бойынша облыстық денсаулық сақтау басқармасы мәлімет берді. 
"6 жағдай да Шиелі ауданында тіркеліп отыр. Олар 1967 жылғы әйел адам және 1989, 1992, 1998, 2013, 2015 жылы дүниеге келген қыз балалар", - делінген ақпаратта.
Барлығы бұған дейін вирус жұқтырған адаммен байланыста болған.
Жағдайлары қанағаттанарлық. Науқастар оқшау орындарға жатқызылды. Тиісті емдерін қабылдап жатыр.
5 сәуірге аймақта коронавируске шалдыққан 37 адам анықталды.
Қызылорда қаласында – 6 жағдай,
Жаңақорған ауданында – 16 жағдай,
Қармақшыда – 4,
Шиеліде – 11.

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 05 сәуір 2020 г. 1 165 0