Аймақ басшысы бірқатар сауда нысанын аралады

Аймақ басшысы Гүлшара Әбдіқалықова облыс орталығындағы бірқатар сауда нысандарының жұмысымен танысты. Солардың бірі - «Small» супермаркеті. Сауда орны басшылығына басты басымдық ретінде азық-түлік тауарлары бағаларының тұрақтылығын сақтау қажеттігі айтылды. Бұлар - нан, макарон, ұн және тағы басқа әлеуметтік маңызы бар өнімдер.

Мұдан соң облыс әкімі "Сұлтан" сауда үйіне барды. Мұнда ет және ет өнімдерінің бағасы мен сапасына баса мән берілді. Сауда үйінің басшылығына бағаны негіссіз өсірмеу жөнінде тапсырма берілді. Біз үшін ең бастысы - қолдан жасалатын қымбатшылыққа жол бермеу.

Айта кетерлігі, қазір облысқа қосымша азық-түлік өнімдері сатып алынып жатыр және олар Қызылорда облысының әлеуметтік дүкендері арқылы сатылатын болады. Сонда ғана агроөнімдердің жеткілікті қоры қалыптасады. Осы ретте, "Байқоңыр" әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясына ұзын-сонар кезек мәселесін шешу міндеттелді.

Қазір облыс тұрғындарын дәріханалардағы бетперде қорының жеткіліксіздігі және антисептик тапшылығы алаңдатады. Оған аймақ басшысы  қаладағы "Europharma" дәріханасына барған кезінде көз жеткізді. Тиісті сала басшыларына жергілікті өндірушілер арқылы медициналық бұйымдар өндірісін арттыру тапсырылды.

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 05 сәуір 2020 г. 539 0